Коронавирус • 05 Мамыр, 2020

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 11 азамат ауырғандармен байланысқан

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19 инфекциясы вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтарды зерттеу барысында Арыс қаласының 1963, 1970, 1977, 1982, 2006, 2017, 2013 жылғы тұрғындарынан және 1992 жылғы 2 азаматшадан анықталып, тіркелді.

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 11 азамат ауырғандармен байланысқан

Сондай ақ, Ордабасы ауданының 1994 жылғы және 2015 жылғы тұрғындарының сынамасы да олардың коронавирусты жұқтырғанын көрсетті.

Қазіргі таңда, науқастардың барлығы оқшауланып, аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар медициналық бақылауға алынуда.

Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

05.05.2020 ж. таңдағы мәлімет бойынша Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 154-ке жетті.