21 Қыркүйек, 2013

Құндылықтар қамтылған құжат

255 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының жаңа Саяси доктринасының жобасы қазіргі таңда қоғам тарапынан қызу талқылануда. Кеше партияның Орталық аппаратында да осындай талқылау болып, онда шығармашылық зиялы қауым өкілдері өз ойларын ортаға салды.

Бұл басқосуға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Мирас» мәдениет және өнерді дамыту қоғамдық кеңе­сі­нің төрағасы Қуаныш Сұлтанов, Пар­ламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшім­баев, Ә.Тарази, М.Жолдасбеков, К.Салықов, Ф.Оңғарсынова, Ғ.Есім, С.Оразалин, Н.Омашев, Ж.Ерғалиев, Н.Айтұлы, А. Смайыл және басқалар қатысты.

Кіріспе сөз сөйлеп ашып, оты­рысты жүргізіп отырған Қ.Сұл­танов қазан айының 18-інде «Нұр Отан» ХДП-ның кезекті XV съезі болатынын, күн тәртібінде партияның жаңа Саяси доктринасы жобасы қаралатынын айтып өтті. Қазіргі кезде өңірлерде партияның аталған басты құжатының жобасы жан-жақты талқылануда, деген Қ.Сұлтанов сөз кезегін Б.Байбекке берді.

Қазіргі уақытта Саяси доктрина жобасы барлық аймақтар мен елді мекендерде кеңінен талқыланып жатқанын жеткізген партия Төрағасының бірінші орынбасары өз партияластарының кейбір кезде партия халыққа не үшін керек, партияның құндылықтары қандай, партия қай бағдарламамен шығады деген сұрақтарға жауабын бір ауыз сөзбен жеткізе алмайтынын да жасырмады. Оның пайымынша, партия құндылықтары бір құжатқа жинақталмаған.

Сондай-ақ, ол партияға деген сенімнің де артып келе жатқандығын назардан тыс қалдырмады. Мәселен, жыл басынан бері партиядан көмек сұрап келгендер саны екі есе өсіпті. Жалпы, жыл сайын партияға 100 мыңнан аса арыз-шағым түссе, соның көбі өз шешімдерін табуда екен. Арызданушылардың 40 пайызы өзінің құқығын білмейді, деп сөзін сабақтаған Б.Байбек заңды түрде мәселені қалай шешуге болатынын түсіндіріп береміз дегенді де айтты. Тіл, мәдениет салаларына қомақты қаржы бөлініп жатса, партия тарапынан шығармашылық өкілдерін қаржыландыру үшін қаражат мәселесі де қарастырылу үстінде, деген ол жұмыс Доктринаға сүйене отырып жүргізіліп, бақылау күшейетінін жеткізді.

Доктрина жобасында көрсетілгендей, руханият пен мәдениет ұлтты біріктіреді және оның мінез-құлқын қалыптастырады. Ол біздің ана тілімізде, ата дәстүрімізде, тарихи мұрамызда, біздің белгі-таңбаларымызда тұнып тұр. Осы орайда, мемлекеттік тіл руханият пен ел бірлігінің негізгі факторы болуы тиіс. Сондықтан біздің партиямыз әрқашан қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын рухани және мәдени құндылықтарды сақтап, оны нығайтуға атсалысатын болады, деді Б.Байбек.

Әлі де көптеген ұсыныстар келіп түсуде, деген Б.Байбек құжатқа тағы да өзгерістер енгізілетінінен хабардар ете кетті. Бұл – біз бір жерден ойлап шығарған құндылықтар емес, бұл Елбасы саясатының арқасында қалыптасқан біздің негізгі құндылықтарымыз. Рухани әлем мен мәдениетсіз ешқандай мемлекет болмайды. Егер осы құндылықтарды жақсы түсінсек, оны халыққа насихаттау оңай болмақ, деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.

Келіп жатқан ұсыныс-пікірлердің көп екенін ескерсек, талқылаудың әрі қарай да жалғасатыны анық.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,         

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23