Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Ақмола облысында 720 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды иеленуге конкурс өткізілген

154 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыстың орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметі өкілдерінің қатысуымен онлайн-семинар ұйымдастырып, онда персоналды басқару бойынша атқарылған жұмыстың қорытындылары қаралды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысында 720 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды иеленуге конкурс өткізілген

Департамент басшысының орынбасары Райхан Братаева өз сөзінде конкурстарды өткізу Ережесіне енгізілген негізгі өзгерістер туралы хабарлады. Конкурстық комиссияларды құру, конкурстық сұрақтар тізімін қалыптастыру талаптарына ерекше назар аударылды. Р. Братаева конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен айқындылығын арттыру мақсатында Департамент қызметкерлерінің конкурстарға қатысқан үміткерлермен кері байланыс орнататынын атап өтті.

Семинар барысында Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гүлмира Евниева облыстың мемлекеттік аппаратының кадрлық жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті. Қазіргі уақытта өңірдің мемлекеттік органдарында 5157 қызметкер еңбек етуде. Бос орындар саны 527 бірлікті немесе 9,3% құрайды. Қызметкерлердің 64% - ын әйелдер, 20% - ын 29 жасқа дейінгі жастар құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 39,8 жас. Жыл басынан бері облыста 720 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізілді, оның ішінде ішкі  конкурстар - 283, жалпы конкурстар – 429. Аталған конкурстарға 563 адам қатысты. Лауазымдарға 340 тұлға қабылданды, бұл 60,4% құрайды.

Сондай-ақ, спикер өз сөзінде меритократия қағидатын ілгерілету туралы хабардар етті. Сынақ мерзімінен өту, тәлімгерлерді бекіту, мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын ұйымдастыру бойынша жұмыс қорытындылары талқыланды. Персоналды басқару қызметтерінің өкілдеріне өз қызметінде қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтау, кадрлық тұрақтылықты сақтау мәселелеріне ерекше көңіл аударуға ұсыныс берілді.