Бүгінгі күні Covid-19-дан инфекциялық стационарларда 1135 пациент емделіп жатыр. Бір науқастың жағдайы – өте ауыр, 34-інде – ауыр, 289-ында – орташа ауыр және қалғандарының денсаулығы дұрыстарып келеді.
Медициналық бақылауда 12 665 алматылық бар болса, оның ішінде 312-і провизорлық стационарда, 345-і карантиндік госпитальдарда,12 008-і үй карантинінде отыр.
Дегенмен, ауруханаға жатқызылғандар ішінен ауыр халдегі науқастар саны соңғы уақытта көбейген жоқ.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, коронавирусты жұқтырғанда қосымша аурулар болған жағдайда емдеу үдерісі қиындауда. Сондықтан, созылмалы, әсіресе тыныс алу жүйесі, жүрек-қан тамырлары аурулары бар барлық адамдарды тестілеуге барынша басымдық беріледі.
Сондай-ақ, COVID-19 қауіптілігі жоғары тәуекел тобына ЖРВИ, пневмония белгілері бар адамдар, медицина қызметкерлері, қала аумағындағы әр түрлі әскери бөлімдерден әскери қызметшілер, карантинге қойылатын талаптардың сақталуын бақылау мақсатында патрульдеуші құрам, ІІМ жүйесінің қызметкерлері, тосқауыл-бекеттеріне жұмысқа тартылған адамдар енгізілген.
Қала бойынша аталған контингент Алматы қаласы Бас санитарлық дәрігерінің кестесіне сәйкес коронавирустық инфекцияға міндетті түрде тексеріліп отыр.
Жасырын ошақтарды белсенді анықтау бойынша аталған шаралар Алматыда аурудың ерте сатысында жұқтырғандардың едәуір санын анықтауға мүмкіндік берді.
Мегаполисте COVID-19 дер кезінде анықталуының дәлелі науқастардың 77 пайызының денсаулығы бірқалыпты және олардың ауруы жеңіл түрде симптомсыз өтуде.
Бұл емдеуді жеңілдетеді, өйткені біз жағдайды сыни жағдайға дейін жеткізбейміз, қала бойынша бұл инфекциядан өлім-жітім төмен деңгейде – 0,6% қалып отыр.
Алматыда осы күнге дейін коронавирустық инфекциядан 210 адам оңалды.
Кеше және бүгін стационарлардан 51 адам емделіп шықты. Оның ішінде 28 адам вирусы бар науқаспен байланыста болғандар және 23 медицина қызметкері.
Президенттің тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді.
Бүгінгі күні Алматы қаласында 1940 төсек-орынға арналған 9 жұқпалы стационар жұмыс істейді, провизорлық емдеуге жатқызу үшін 909 төсек-орынға арналған 12 стационар, карантиндік емдеуге жатқызу үшін 1392 төсек-орынға арналған 9 стационар қарастырылған.
Барлық қалалық жұқпалы аурулар және провизорлық ауруханаларда үй-жайларды «таза» және жұқтырылған аймақтарға бөлу қағидаты сақталады. Сондай-ақ, барлық медициналық мекемелерде желдету және бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Жауапты қызметкерлер медицина қызметкерлерінің жеке қорғану құралдарын дұрыс кию хаттамасын сақтауын қадағалайды.
Сондай-ақ, барлық ем алуға мұқтаж науқастар ҚР ДСМ-ның емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде емделетіндігін атап өткен жөн.
АЛМАТЫ