Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: Өскеменде академиялық адалдық тақырыбында онлайн конференция өтті

679 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ойшылдың ұлттық заң жүйесіне қосқан үлесі де сөз болды.

Шығыс Қазақстан: Өскеменде академиялық адалдық тақырыбында онлайн конференция өтті

Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Абай мұрасы негізінде этикалық нормалар және академиялық адалық» тақырыбында онлайн конференция өтті. Онлайн конференцияға университет оқытушылары мен студенттерінен бөлек Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары  Жігер Байдилдин және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалының профессоры Галина Грызунова мен аға оқытушы  Гульфия Берікболова қатысты.

д

Университеттің бірінші проректоры Сауле Рахметуллина конференцияны ашып, академиялық адалықты сақтау қағидаларына және ұлы ойшылдың ұлттық заң жүйесіне қосқан үлесіне тоқталып өтті. Жанна Қабдолдақызы өзінің сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда Абай ілімі негізінде студенттерді адалдыққа тәрбиелеуде оқу орынның рөлі ерекше екендігін айтып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Онлайн конференция спикері Жігер Байдилдин «Парасаттылық – сыбайлас жемқорлықпен күрестегі алғышарт» тақырыбында баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттар мен міндеттерді айқындаған заңнамалардың тарихына тоқталды. Жігер Еркінбекұлы өз сөзінде оқу орындарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы айтып, «Саналы ұрпақ» жобасы аясында болашақта студент жастарды бірігіп жұмыс істеуге шақырды. Келесі кезекте сөз алған спикерлер Г.Грызунова мен Гульфия Берікболова парасаттылық пен адалдық адамға не үшін қажет екенін,  білім алушылардың, олардың жеке адалдығын және өз жауапкершілігін дамытудағы академиялық адалдығының негізгі принциптеріне қатысты құнды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар  Гульфия Берікболованың «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы психологиялық-педагогикалық аспектілер» баяндамасында Абай дүниетанымындағы «ұлттық код» концепциясы, даланың ашық заңдары, отбасылық құндылықтар жайлы өте қызықты дәлелдер мен ойлары көпшілік көңілінен шықты. Конференцияның онлайн қонағы Тараз университетінің проректоры  «Академиялық адалдықтың саяси ­– мақсаты ­ жоғары білім беру сапасын әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оқытушылар мен студенттер арасында адалдық қарым-қатынастарын қалыптастыру, алаяқтыққа, жемқорлыққа, парақорлыққа жол бермеу болып табылады» деп академиялық адалдық саясатын бұзушылыққа қарсы қолданылатын жазалар мен тәртіптік шаралар туралы айтып, студенттерді мұндай келеңсіздіктерден аулақ болуға шақырды.

        Конференция соңында сөз алған «Маркетинг» бөлімінің  3 курс  студенті Елдар Мүбараков Абайдың он жетінші, отыз үшінші қара сөздеріне тоқталып, академиялық адалдық кодексінің талаптарын орындап, парасатты орта қалыптастыруға шақырса, Әйгерім Ертайқызы қатысушыларға өзінің дайындаған презентациясын таныстырып, «Елімізде кейбір ақпаратты немесе құжаттаманы көшіру белең алған. Біздің елімізде «қарақшылық» адамдардың көпшілігінің күнделікті өмірінде кездеседі. Тіпті қарапайым студенттер де осындай тамыр-таныстық жолмен «жақсы» бағаға қол жеткізеді. Көптеген студенттер курстық және диссертациялық жұмыстармен айналысып, академиялық адалдықты ұмытып кетеді. Осындайда мынандай сұрақ туындайды: олар жалған жұмыс арқылы қандай білім алады? Шынымен адал болу,  өмір бойғы жолы болғыштық, көшіріп алуға да болады, бірақ сіздің жадыңызда ештеме қалмайды» деп ойын түйіндеді. Сонымен қатар  шетелдік оқу орындардың білім беру саясатын мысалға келтіріп, американдық студенттердің академиялық адалдық тұрғысынан өте жоғары деңгейде екенін атап өтті.

ӨСКЕМЕН