Білім • 06 Мамыр, 2020

ҰБТ-2020: заң бұзған талапкер қайта тест тапсыра алмайды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев ведомствоның аппараттық жиналысында айтты. 

ҰБТ-2020: заң бұзған талапкер қайта тест тапсыра алмайды

2020 жылы ҰБТ-ға енгізілген өзгерістер жөнінде баяндама жасаған Ә.Тойбаев:

– Талапкерлерден ғимаратқа кірер кезде ҰБТ тапсыруда пайдалануға тыйым салынған заттарды табу мен өздерінің орнына басқа бір адамды қою фактісі орын алса, мұндай тұлғалар тапсырғалы тұрған тестілеуге және осы жылда өтетін тестілеуге жіберілмейді. ҰБТ өткізілгеннен кейін бейнебақылау камераларындағы жазбалар қаралып, тексеріледі. Егер зерттеу нәтижесінде тест тапсырушыдан ҰБТ кезінде қолдануға тыйым салынған заттардың біреуі  анықталса, білім грантын тағайындау бойынша конкурстың нәтижелері жойылады, – деп мәлімдеді. 

Айта кетейік, маусым айында өтетін негізгі ҰБТ-ға өтінімдер 10 мамырға дейін қабылданады. Өтінішті қалай беруге болатынын бұған дейін толығырақ жазғанбыз.