Коронавирус • 06 Мамыр, 2020

Алматыда індеттен 68 жастағы ер адам көз жұмды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда коронавирустық инфекциядан көз жұмған 68 жастағы ер адам ұзақ уақыт бойы ауыр созылмалы ауруларына (вирустық гепатит, қант диабеті, артериялық гипертензия, бүйректің созылмалы пиелонефриті, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы) шалдыққан І топтағы мүгедек.

Алматыда індеттен 68 жастағы ер адам көз жұмды

Жедел медициналық көмек ауруханасына марқұм ауыр хәлде келіп түскен. Провизорлық госпитальда тексеріліп, COVID-19-ке мұрын жұтқыншағынан алынған ПТР нәтиже бергеннен кейін, инфекциялық стационарға ауыстырылады.

Инфекциялық стационарда COVID-19 жұқтырғаны да анықталып, емдеу хаттамасына сәйкес қарқынды терапия жүргізілген. Барлық емдік шаралары көрсетілгеніне қарамастан, денсаулығы жылдам нашарлап, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Созылмалы жүрек және бүйрек жеткіліксіздігінен індеті тез асқынып, соңы қайғылы жағдайға ұласты.

Марқұмның көз жұмуына коронавирустық инфекция себеп болғаны туралы шешімді құрамына бейінді мамандар, оның ішінде пульмонологтар кіретін арнаулы зерттеу комиссиясы қабылдаған.

Қазір Алматыда Covid-19 диагнозы қойылған 1156 пациент емделіп жатыр.

Бүгін Алматыда 17 адам коронавирустық инфекциядан сауығып, емделіп шықты. Олардың ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 8 медицина қызметкері, Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының 2 қызметкері және 7-уі вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдар.

 

 

АЛМАТЫ