Қазақстан • 07 Мамыр, 2020

Бақытжан Сағынтаев: Отанға қызмет ету - абыройлы іс әрі жауапкершілік

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің құттықтауын Twitter парақшасында жариялады.

Бақытжан Сағынтаев: Отанға қызмет ету - абыройлы іс әрі жауапкершілік

Тәуелсіздік алған сәттен бастап еліміз әрдайым Қазақстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қарулы қақтығыстардың алдын алуға және Қарулы Күштерді дамытуға ерекше назар аударып келеді.

«Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Бейбітшілік пен қауіпсіздік күзетінде тұрған барлық отандасыма зор денсаулық, табыс және күш-қайрат тілеймін! Отанға қызмет ету – абыройлы іс әрі үлкен жауапкершілік. Сәттілік серік болсын!», - деп жазды Б.Сағынтаев.

Еске сала кетейік, 1992 жылдың 7 мамырында Тұңғыш Президент Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды.