Аймақтар • 07 Мамыр, 2020

Алматыдағы індет жұқтырғандарды емдейтін далалық госпиталь дайын ба?

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров COVID-19 жұқтырған азаматтар емдеуге арналған мобильді далалық госпитальдің әзірлігін тексерді.

Алматыдағы індет жұқтырғандарды емдейтін далалық госпиталь дайын ба?

«Қазақстандық бітімгерлік полкі» негізінде құрылған далалық госпиталь қажеттілік туындаған жағдайда COVID-19 диагнозы расталған азаматтарды жатқызатын инфекциялық стационар ретінде пайдаланылады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылық өкілі Әсел Бисенбаева және Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті өкілі Ерлік Дүйсембаев, И.Жекенов атындағы ҚКИА бас дәрігері Айгүл Абдрахманова, Алматы гарнизоны және далалық госпиталь басшыларымен бірге аталған мекеменің дайындық деңгейімен және пациенттерді қабылдау мүмкіндігімен танысты.

Басты назар госпиталь ішіндегі инфекциялық бақылау мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселелеріне аударылды. Госпитальдің жұмыс аймақтарын «таза», инфекцияланған және шлюздар жұмысы деп бөлу қарастырылды. Сонымен бірге, госпитальді медициналық мамандармен қамту, тамақтандыру және дезинфекциялық жұмыстарды ұйымдастыру, биологиялық, медициналық және тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мәселелері де қаралды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров әкімшілік атынан госпитальдің жеке құрамын Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, коронавирус инфекциясымен күресте қосқан үлестері үшін оларға алғыс білдірді.

4