Аймақтар • 07 Мамыр, 2020

Алматыда қауіпті індеттен 4 айлық сәби жазылды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​6-7 мамыр күндері Алматыда коронавирустық инфекциядан 72 науқас емделіп, емханадан шығарылды. Олардың ішінде 4 айлық қыз бала да бар.

Алматыда қауіпті індеттен 4 айлық сәби жазылды

Сәби инфекция жұқтырғандармен жақын байланыста болып, 16 сәуірде анасымен бірге ауруханаға түскен.

​Сәбиге «асқынған бронхит» диагнозы қойылып, жағдайы орташа дәреже ретінде бағаланды.

Қазір ол анасымен бірге сауығып, емханадан шығарылды. Емделушілердің жағдайы жақсы.

Қазіргі уақытта мегаполисте қауіпті індеттен жазылып шыққан 299 адам бар.