24 Қыркүйек, 2013

Елбасының апталық кестесі

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 қыркүйекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Астанаға келетін Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше елдердің үкімет басшыларымен және байқаушыларымен кездеседі.

Кездесуде еуразиялық экономи­ка­лық интеграцияны одан әрі терең­дету, сондай-ақ 2013 жылы 29 мамырда Астанада өткен Жоғары Еур­азиялық экономикалық кеңестің оты­рысы барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты даярлау туралы кең ауқымды мәселелер қаралатын болады.

27-28 қыркүйекте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Князь II Альбердің шақыруы бойынша Монако князьдігіне ресми сапармен барады.

Сапар барысында Монако Князі II Альбермен екіжақты келіссөздер жүргізу, сондай-ақ Қазақстан-Монако бизнес-форумы аясында екі елдің іскер топтарымен кездесу қарастырылып отыр.

Қазақстан Президентінің сапары Монако князьдігімен ынты­мақ­тастықтың барлық қырларын дамыту жөнінде қол жеткізілген келісімдерді, 2012 жылы қарашада қол қойылған екі мемлекет басшыларының Бір­лес­кен декларациясында көрініс тапқан басты бағыттарды ілгерілетуге ба­ғытталған, деп хабарлады Прези­дент­тің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар