Әлем • 08 Мамыр, 2020

Дүниежүзілік пандемиядан кейін 40 аптада 116 миллион бала өмірге келеді

734 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлемде пандемия жарияланғаннан кейінгі қырық аптада дүние жүзінде 116 миллион бала дүниеге келеді. Көптеген елдерде ауруханалардың, дәрігерлердің  жетіспеушілігі орын алуда. Алайда БҰҰ-ның балалар қорында (ЮНИСЕФ) ана мен баланы қорғау мәселесінің назардан тыс қалмауы ескертеді.

Дүниежүзілік пандемиядан кейін 40 аптада 116 миллион бала өмірге келеді

Ауруханалардың шамадан тыс жүктелуі мен дәрігерлердің жетіспеушілігі жағдайында барлық әйелдер жүктілік кезінде және босану кезінде күтім жасауға құқылы. COVID-19 пандемиясы Денсаулық сақтау жүйесіне үлкен салмақ салып отыр. Әсіресе, бұл жағдай жүкті әйелдердің жағдайына қатты әсер етіп отыр. ЮНИСЕФ осы орайда дағдарыс кезінде болашақ аналарды күрделі жағдайлар күтіп тұрғанын ескертуде.

Оқшаулау, карантин, коменданттық сағат, медициналық мекемелердің шамадан тыс толуы, медициналық жабдықтардың тапшылығы, білікті мамандардың жетіспеушілігі, осының барлығы олардың денсаулығына қауіп төндіреді. ЮНИСЕФ атқарушы директоры Генриетта Форенің айтуынша, болашақ аналар медициналық мекемелерге барудан қорқады немесе медициналық қызметтерге деген сұраныстың жоғары болуына және оларды оқшаулау шараларына байланысты жедел жәрдем ала алмайды.

Болжамдарға сәйкес, АҚШ-та 16 желтоқсан мен наурыз аралығында 3 млн-нан астам бала дүниеге келеді. Нью-Йоркте билік балама перзентхана орталықтарын құру бағытында жұмыс істеуде. Өйткені көптеген жүкті әйелдер ауруханаларда босанудан қауіптенеді.

Пандемия жарияланғаннан кейін 9 ай ішінде Үндістанда 20 миллионнан астам бала туылады. Осы кезеңде Қытайда 13,5 миллион бала, Нигерияда - 6,4 миллион, Пәкістанда - 5 миллион және Индонезияда - 4 миллион бала дүниеге келеді. Осы елдердің көпшілігінде бұрын да неонаталдық өлім-жітімнің жоғары көрсеткіштері болған. Сарапшылар COVID-19 жағдайында олардың ары қарай өсіп-жетілуінің қаупін ескертеді.  ЮНИСЕФ-те COVID-19 пандемиясы кезінде жүкті әйелдерге көмек көрсету бойынша бірқатар ұсыныстар жариялады.

Сарапшылар осы күрделі кезеңде ана болуға дайындалып жатқан барлық әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге жоғары сапалы көмек көрсетуді қамтамасыз етуге шақырады. Олар медиктерді және босанатын әйелдерді қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуді, сондай-ақ дәрігерлер мен акушерлерге мүмкіндігінше жүкті әйелдерге үйге баруға және әсіресе шалғай аудандарда тұратын әйелдер үшін телеконсультациялар белсенді түрде өткізуге кеңес береді.