Руханият • 09 Мамыр, 2020

«Аяла» ардагерлерге қамқорлық жасайды

215 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Аяла» қайырымдылық қоры соғыс ардагерлеріне 2010 жылдан бері көмектесіп келеді. Сол кезде техника, мүгедектер арбасы және қаржылай қолдау түріндегі көмекті 20 адам алса, 2015 жылы осы сауапты іске Samsung компаниясы да қосылды.

«Аяла» ардагерлерге қамқорлық жасайды

Аталмыш қор қазіргі кезде 40 ардагерге ай сайын азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасып, карантин күндерін жеңілдетуге ұмтылып отыр. Жуырда 40 ардагердің әр­қай­сысын ай сайын 30 мың теңге мөл­шерінде көмекпен қам­тамасыз ету жөнінде шешім қабылданды.

Осы орайда ардагерлер не сатып алу керектігін өздері анықтайды және мұны жоба үй­лес­тірушілеріне хабарлайды. Біреуге тек азық-түлік қа­жет, бас­қасына – тұрмыстық тех­ника: шаңсорғыш, қысқа тол­­қынды пеш, үтік және т.б. ке­рек. Клининг қызметіне де сұраныс болып тұрады. Бар­лық сұраныстар арнайы базаға ен­гізіледі және осы жалпы ақ­параттың негізінде бүкіл қажетті тауарлар сатып алынады және мекенжайларына жеткізіп беріледі.

«Ұлы Отан соғысының ар­­­да­гер­леріне деген үлкен ықы­­ла­сымыз бен құрметіміз  мол, оларға тиімді көмек көрсетуге тырысамыз. Біз ардагерлермен белсенді жұмыс істеген соңғы 5 жылда олардың қатарының күрт азайып бара жатқанын бай­қадық. Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, сондықтан біздің де көмегіміз тиіп, әр ардагер өмі­рін жақсартқымыз келеді», – дейді осы іске ұйытқы болып жүрген Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының жұртшылықпен байланыс және корпоративтік-әлеуметтік жа­уап­кершілік жөніндегі ме­неджері Берік Омаров.  

Аталған жоба қамқорлық жасайтын жасы ең үлкен соғыс ардагері 9 мамырда 102 жасқа келеді. Бұл – Әдіш Әбдірайымов. Ол кісі 1918 жылы өмірге кел­ген. 1938 жылы Харьков фар­ма­цев­тикалық институты­на оқу­ға түсіп, 1941 жылы Оң­түс­тік-Шы­­ғыс майдандағы 173-ші ат­қыш­­тар дивизиясы­на жіберілді. Бергедорфта тұ­қында және Нойен­гаммдегі концлагерьде болып, Әдіш Әбді­райымов үйіне 1947 жы­лы оралады. 1952 жылы ол Ташкенттегі Орта Азиялық  мем­лекеттік университетті «Био­­лог» мамандығы бойынша бітір­геннен кейін Сынақ стансасында зертхана меңгерушісі болып қызмет атқарып, одан кейін қазіргі Түр­кістан облысы, Мақтаарал ауда­нындағы мақтаның жаңа сор­тын өсірген екен.

 

АЛМАТЫ