Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Алматының аулаларында әскери әндер әуелеп тұр (видео)

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Ұлы Жеңіс құрметіне әскери әндерді тұрғын үйлердің балкондарынан орындау флешмобы іске қосылды

Алматының аулаларында әскери әндер әуелеп тұр (видео)

Жыл сайын қала әкімдігі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрымен бірлесіп, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай бірқатар мәдени іс-шаралар өткізеді. Бұл жолы барлық бастама елдегі төтенше жағдай режимін ескере отырып,  жұртты жаппай жинамай-ақ қолға алынды.

Барлық концерттік нөмірлер бейнекадрға түсіріліп, одан әрі әлеуметтік желілерге орналастыру үшін фильм-концертке біріктірілмек.

Концертте театрдың жетекші солистері – халықаралық конкурстардың лауреаты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының вокалдан дәріс беретін оқытушысы Айдос Жабағин «Жеңіс күні» әнін орындаса, Абай театрының солисі Дулат Тоқанов сахналас әріптестерімен бірге «В бой идут одни «старики» фильмінен «Смуглянка» әнін шырқады». Әнші Ләззат Бірімғазина бірнеше ұрпаққа жалғасып келе жатқан «Катюша» әнін қазақ және орыс тілдерінде орындады.

 

 

 

АЛМАТЫ