Театр және әкімдік қызметкерлері қолға күрек алып, 20 қарағай, 20 шыршамен мекеме аумағын абаттандырды.
Игі іс-шара мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қадірлеу, тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
«Қазіргі әлемдік пандемияға байланысты енгізілген Төтенше Жағдайға қарамастан пайдалы іс жасауға жиналдық. Ал ағаш егу - ежелден келе жатқан игі амалдың бірі. «Бір тал кессең он тал ек»,-деген аталар сөзін есте ұстап, қаламыздың тазалығы үшін әрқайсымыз қолдан келгенше үлес қосайық»,-деді министр.