Әлем • 09 Мамыр, 2020

Қырғыз Республикасындағы ардагерлерді құттықтады

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғыз Республикасындағы ардагерлерді құттықтады

ҚР Қорғаныс министрлігінің Елшілік жанындағы әскери атташесі полковник Атан Әбілдаев дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлерімен бірге қазақ диаспорасының өкілдері болып табылатын ардагерлер - Абдулхалик Гайсиннің және Сапура Сеитованың отбасыларында қонақта болды.

Жеңіс күнінің құрметіне ардагерлерге естелік сыйлықтар мен азық-түлік жиынтығы берілді.

Сондай-ақ, Елшілік қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшісі Қайрат Нұрпейісовтің құттықтау хаттын табыстап, оларға мықты денсаулық, бейбітшілік және ұзақ ғұмыр тіледі.