Аймақтар • 10 Мамыр, 2020

Ақмола облысында коронавирус жұқтырған 3 адам анықталды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вирусты жұқтырғандар Целиноград ауданында тіркелді. Олар — 1977 жылғы ер адам, 1980 жылғы әйел адам және 2017 жылы туған ұл бала.

Ақмола облысында коронавирус жұқтырған 3 адам анықталды

Бұл азаматтардың барлығы бір отбасының мүшелері және Қоянды кентінде COVID-19 зертханалық түрде анықталған адаммен жақын байланыста болған. Бұған дейін Жаңаесіл ауылындағы Агротехникалық колледж базасындағы карантиндік стационарға оқшауландырылған. Қазір Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылған.

Целиноград аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес, вирустың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

COVID-19-ды Ақмола облысында 109 адам жұқтырған. Қазіргі таңда өңір стационарларында 462 пациент жатыр, оның ішінде провизорлық стационарда — 28, карантиндік стационарда — 418, жұқпалы аурулар стационарында — 16.
560 адам үй карантині талаптарын сақтап отыр.