Президент • 11 Мамыр, 2020

Карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады - Президент

1341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтқан сөзін Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады.

Карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады - Президент

«Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады»,- деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында.