Қазақстан • 12 Мамыр, 2020

4 айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,9% өсті

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус пандемиясына байланысты жағдайға қарамастан елімізде биылғы 4 айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,9% өсті, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

4 айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,9% өсті

Бүгін, 2020 жылғы 12 мамырда еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланған Үкімет отырысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша биылғы қаңтар-сәуір айларының қорытындылары жөнінде баяндады.  

Осы мерзімде коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан жағдайға қарамастан өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,9%, оның ішінде тау-кен өндіру - 6%, өңдеу - 7% өсті. 

Тау-кен өндіру секторында құрамында алтын бар кен өндіру көлемінің өсуі есебінен түсті кен өндіру 3,4% ұлғайды. Темір кенін өндірудің өсуі өткізу нарықтарын дәстүрлі елдерден Қытай нарығына қайта бағдарлау есебінен 15,8% құрады. Көмір мен лигнит өндіру көлемі 102,1% болды.