Елорда • 13 Мамыр, 2020

Волонтерлер елордада мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жүр

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының еріктілері азық-түлікті жеткізу акциясын күн сайын орындап келеді. Бүгін 20 отбасыға азық-түлік жеткізілді. Азық-түлік себеттерінің ішінде қант, жарма, сүт және ұн бар. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.  

Волонтерлер елордада мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жүр

Карантин басталғалы бері Нұр-Сұлтанда 20 мыңнан астам отбасы гуманитарлық-әлеуметтік көмекпен қамтылды.

Күн сайын азық-түлік себетін жеткізуге 500 волонтер атсалысып жүр. Көмекке мұқтаж азаматтардың тізімі iKomek қызметі мен елорда аудандарының әкімдіктері арқылы құрылады.