Білім • 13 Мамыр, 2020

ҰБТ-2020: 15 мамырға дейін өтініш тапсыруға кім құқылы?

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа Білім және ғылым министрлігі жауап берді. Бәріміз білетіндей, ҰБТ-ға өтініш қабылдау мерзімі 10 мамырда аяқталды. Дегенмен екі жағдайда талапкерлерге 15 мамырға дейін өтініш беруге болады. 

ҰБТ-2020: 15 мамырға дейін өтініш тапсыруға кім құқылы?

Олар: Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ және шетелдегі оқу орнын бітірген адамдар. 

Бұдан бөлек министрлік таратқан ақпаратта:

«Халық көп шоғырланған жерлерге баруды болдырмау мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 15 сәуірі мен 10 мамыр аралығында онлайн және дәстүрлі түрде өткізілді.

ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген азаматтардың саны 131 471 адамды құрайды, оның ішінде  111 017 – биылғы оқу жылының мектеп түлектері, 20 454 – колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері.

ҰБТ-ға қатысуға 100 мыңнан аса өтініш онлайн түрде берілді», делінген.