06 Сәуір, 2010

ПАРЛАМЕНТШІЛЕРДІ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС КҮТІП ТҰР

554 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған қазақстандық делегация кеше Санкт-Петербург қаласына келді. Қазақстан парламентшілері сәуірдің 5-і мен 8-і аралығында Санкт-Петербург қаласында ТМД елдері және ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеялары мен Ұжымдық қауіп­сіздік шарты ұйымының Парламенттік Ассамблеясы (ҰҚШҰ ПА) шеңберінде өтетін бірқатар маңызды шараларға қатысатын болады. Кеше қазақстандық депутат­тар аталған шараларға байла­ныс­ты құжаттармен танысты. Ал бү­гін парламентшілер ҰҚШҰ ПА Ке­ңесі жанындағы сараптама-кеңестік комиссияның басқо­суы­на, сондай-ақ ЕурАзЭҚ ПАА-ның құқықтық, агроөнеркәсіп саясаты, табиғат пайдалану және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының оты­рыс­тарына қатысады. Осы күні Қазақстан делега­ция­сының қатысуымен ТМД ПАА-ның саяси мәселелер мен халықаралық ынтымақтастық, қор­ғаныс және қауіпсіздік жө­нін­дегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. Сейсенбі күнгі бағдарламаға сәйкес ТМД ПАА-ның әлеуметтік саясат және адам құқықтары, ғылым және білім жө­ніндегі тұрақты комис­сия­сы­ның отырысы болады (комиссия жұмысының кезеңінде ТМД-ға мүше мемлекеттер үшін Иннова­ция­лық кодекстің үлгілік жоба­сын дайындау туралы жұмыс то­бы­ның отырысы өтетіні қарас­ты­рылған). ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы аясында кедендік реттеу және шекаралық саясат, сауда саясаты және халықаралық ын­тымақтастық жөніндегі тұрақ­ты комиссиясының отырысы өте­тіні көзделуде. Сондай-ақ бағдарламада ҰҚШҰ ПА-ның әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер, қорғаныс және қауіп­сіздік, саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссия­лары­ның отырыстары өтетіні жос­парланып отыр. Сейсенбі күні ЕурАзЭҚ ПАА-ның және ТМД ПАА Ке­ңесінің бюро отырыстары өтеді. Сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы О.Мұ­ха­мед­жанов ТМД ПАА-ның Төр­аға­сы, Ресей Феде­ра­циясы Феде­ралдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы С.Ми­ро­нов­пен, сондай-ақ Қырғыз Респуб­ли­касы Жоғарғу Кенешінің төр­ағасы З.Құрмановпен кездеседі деп күтілуде. Делегация сапары 7 және 8 сәуір күндері де жалғасады. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ – Санкт-Петербургтен.