Астанада «AstanaLeisure 2013» халықаралық туристік көрмесі ашылды. Онда соңғы туристік өнімдер, әуе компанияларының арнайы ұсыныстары және туристік нарықтағы мемлекеттік құрылымдардың қызметтері таныстырылады.
Астанада «AstanaLeisure 2013» халықаралық туристік көрмесі ашылды. Онда соңғы туристік өнімдер, әуе компанияларының арнайы ұсыныстары және туристік нарықтағы мемлекеттік құрылымдардың қызметтері таныстырылады.
Павлодарда жас журналистердің бірінші республикалық слеті өтіп жатыр. Кеше басталған форумда жаңа буын газет қызметкерлері, репортерлер, телехабарлар жүргізушілері мен интернет-блогерлері қазіргі заманғы журналистиканың өзекті тұстары туралы пікір алмасуда.
Кеше Шығыс Қазақстан облысы құқық қорғау органдарының басшылары Риддер қаласының жұртшылығымен кездесті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастап келген бұл жүздесу барысында аталмыш салада қордаланып қалған көптеген мәселелер бойынша егжей-тегжейлі әңгіме айтылды.
Шымкентте мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге тігін машинасы берілді. «Даму» қоры мен «DeltaBank» бірлесіп ұйымдастырған бағдарлама аясында биылғы жылы мүгедек кәсіпкерлерден келіп түскен 1 180 өтініштің 784-і қанағаттандырылды.
тырауда «Сәтбаев Оперейтинг» ЖШС қоғамдық тыңдау өткізді. Онда 2014 жылға арналған табиғат қорғау шаралары туралы есеп берілді.
Жамбыл облысында есірткі сатушылар айғақтарды жою үшін өздерінің үйін өртеп жіберді. Оқиға Шу ауданы Белбасар ауылында орын алған. Ал полицейлер 31 жастағы ер кісінің үйінен 60 килоға жуық марихуана тапқан.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.