Кеше палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдап, жаңа заң актілерін мақұлдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Кеше палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдап, жаңа заң актілерін мақұлдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Палата айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдануға қатысты түзетулерді жұмысқа қабылдады. Құжат Бірыңғай кедендік тарифтің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін импорттық кеден баждарын біржақты тәртіппен қолданудың барынша ұзақ мерзімін белгілеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Мәжіліс Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтері арасындағы Өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады. Құжатқа сәйкес, Қазақстан тарапы Тәжікстанға түрлі әскери мүліктерді өтеусіз беру түрінде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді.
Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары мақұлдаған тағы бір құжат қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан-Люксембург үкіметаралық конвенциясын ратификациялау туралы заң жобасы болды. Ол бойынша Уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың табысы мен капиталына қосарланған салық салуды жою көзделеді. Конвенцияда, сондай-ақ, табыстың пайда болу мемлекетінде төмендетілген мөлшерлемелер бойынша дивиденттерге, пайыздарға және роялитиге салық салынуы мүмкін ережелер көзделген.
Құжаттың мақсаты – салықтық жалтаруға жол бермеу үшін Қазақстан мен Люксембургтің құзыретті органдары арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыру процесін регламенттеу.
Сонымен бірге, халық қалаулылары еңбек көші-қоны жөніндегі заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасының басты мақсаты еңбекші көшіп-қонушыларды заңдастыру болып табылады. Сондай-ақ, жеке тұлғалардың шетелдік жұмыс күшін тартуына рұхсаттар беру тәртібі оңайлатылатын болады.
Заң жобасын қабылдау көші-қон бақылауының тиімділігін арттырып, бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтады деп күтілуде.