26 Қыркүйек, 2013

Жұмыс жағдайымен танысты

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барды. Күннің алғашқы жартысында бірінші вице-премьер Мақтаарал ауданында болып, онда «Нұралыжол-Ж» шаруа қожалығындағы мақта, бақшалық дақылдар және жоңышқа егістігімен танысты.

Б.Сағынтаев Ділдәбек ауылдық округінде Шардара су қоймасынан машиналық су жіберу сорғы стансасын қарап шықты. Одан кейін бірінші вице-премьер мақта және бақшалық дақылдарды, сондай-ақ, жүзімдіктер, алма бақтарын, анар және басқа да жеміс-жидек өнімдерін өсірумен айналысатын «Қаршыға» шаруа қожалығында болды. Мұнда ол Мақтаарал ауданының мақталы егістік алқаптарын әртараптандыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Өңірде мақтаның дара дақылдығының басымдығы, вегетациялық кезеңде су ресурстарының тапшылығы, суарылатын жерлердің мелиоративтік жай-күйінің нашарлауына байланысты проблемалар бар екендігі белгілі. Аталған проблемаларды шешу үшін 2014-2016 жылдарға арналған егістік алқаптарын әртараптандыру бойынша іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспары әзірленуде. Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі мүдделі министрліктермен бірлесе отырып аталған құжатты Үкімет қарауына енгізетін болады.

Күннің екінші жартысында бірінші вице-премьер Шардара СЭС-і жұмысымен танысып, одан Шардара су қоймасының Арнасай бөгетіне барды. Онда Арнасай бөгетіндегі гидротехникалық құрылыстар кешенін қайта жаңарту жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар