26 Қыркүйек, 2013

Өмір мұраты

456 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

0 016Қазақстан Республикасы Ұлт­тық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, белгілі қоғам қайраткері, жоғары мектептің іскер ұйымдастырушысы, жаны жайсаң жақсы азамат Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов көзі тірі болса, биыл 75 жасқа толар еді. Уақыт деген неткен жүйрік, сынап сынды сырғып өте шығады екен. Ол кісінің өмірден өткеніне де төрт жылдан асып қалыпты. Бірақ Тоқтар Сәлменұлының (ол кісіні ел Тоқмұхамед демей Тоқ­тар, Тоқа деуші еді) жарқын бейнесі әлі де көз алдымыздан көмескілене қойған жоқ.

 

0 016Қазақстан Республикасы Ұлт­тық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, белгілі қоғам қайраткері, жоғары мектептің іскер ұйымдастырушысы, жаны жайсаң жақсы азамат Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов көзі тірі болса, биыл 75 жасқа толар еді. Уақыт деген неткен жүйрік, сынап сынды сырғып өте шығады екен. Ол кісінің өмірден өткеніне де төрт жылдан асып қалыпты. Бірақ Тоқтар Сәлменұлының (ол кісіні ел Тоқмұхамед демей Тоқ­тар, Тоқа деуші еді) жарқын бейнесі әлі де көз алдымыздан көмескілене қойған жоқ. «Тау алыстаған сайын биіктей түседі» дегендей, уақыт өткен сайын ол кісінің нұрлы бейнесі мен адами асыл қасиеттері бұрынғыдан да жарқырай ашыла түсуде. Тоқаң өмірден өткен соң ол кісі үздіксіз 21 жыл басқарған қазақ білімінің қара шаңырағы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бас ғимаратында ол кісіге ескерткіш тақта қойылып, арнаулы дәрісхана ашылды. Т.Садықов атындағы «Қазақстан тарихы» кафедрасының ғалым­дары жыл сайын дәстүрлі «Т.Садықов оқулары» атты ай­рық­ша мазмұндағы ғылыми-теориялық конференция өткізіп тұрады. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті, шетелдерден белгілі тарихшы-ғалымдар қатысып, тарих ғылымының және оны оқытудың өзекті мәселелерін талқылайды. Әр ел ғалымдарының академик-тарихшы Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықовтың соңында қалған мол зерттеу мұраларына деген қызығушылығы күн санап артып келеді. Жыл өткен сайын Тоқаңның еңсесінің биіктей түскені осы емес пе?!

Біздің білуімізше, жаратылысынан іскер, қолға алған ісіне адал, ұйымдастырушылық қабілеті айрықша осынау жанның бүкіл саналы ғұмыры еліміздегі жоғары білім жүйесін өркендетуге, рес­публика үшін аса қажетті мамандар даярлау ісіне арналды. Еңбек жолын Алматы құрылыс техникумында қатардағы оқыту­шы болып бастаған ол респуб­лика Жоғары және орта білім министрінің орынбасары, Абай атындағы Қазақ ұлттық педа­гогикалық университетінің ректоры қызметіне дейін талай-талай ғибратты жолдан өткен. Өзіміз көріп, куәсі болғандай, республика Жоғары білім министрінің орынбасары болып қызмет істеген кезінде Т.Садықов жоғары білім жүйесін жан-жақты дамытуға, жаңа заманға лайық жаңаша көзқарастағы білікті мамандар даярлауға бағытталған озық тех­нологиялық әдіс-тәсілдерді өмірге батыл енгізуге атсалыс­ты. Жоғары оқу орындарында оқытылатын пәндер арасындағы құрылымдық-логикалық және пәнаралық байланыстарды жолға қоюдағы еңбегі жоғары ынта мен мақсаткерліктің жемісі еді.

Абай атындағы Қазақ ұлт­тық педагогикалық универ­ситетін басқарған жылдары Тоқ­­мұхамед Сәлменұлының іс­кер­лік, ұйымдастырушылық, қай­раткерлік қабілеті жарқырай ашылды. Ол кісі осы оқу орнына ректор болып тағайындалған 1987 жыл бүкіл Кеңес Одағында «қайта құру» науқаны кеңінен өріс алып тұрған кез еді. Бұл саяси науқан сәтсіз аяқталып, 90-жылдардың басында Кеңес Одағы ыдырай бастаған. Басқа одақтас республикалар сияқты Қазақстан да өз тәуелсіздігін жариялады. Бірақ дербес мемлекет құрудың алғашқы оншақты жылы өте күрделі жағдайда өткені белгілі. Капиталистік бағыттағы жаңа қоғамдық құрылысқа ену үшін нарықтық экономикаға көшу керек болды. Бірақ нарықтық қатынастар оқу орындарына оңайлықпен орныға қоймағаны мәлім. Бүкіл қоғамдық құрылыс сияқты, әлеу­меттік жүйе, оның ішінде білім беру саласы да күйзелісті кезеңді бастан кешірді. Міне, осындай аумалы-төкпелі уақытта ректор Т.С.Садықов аса үлкен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында оқу орнын заман талабына бейімдей білді. Жылдап жалақы ала алмай қиналып жүрген оқытушы-профессорлар мен барлық қызметкерлердің қатарын ыдыратпай, ұжымды сақтай білді және олардың болашаққа деген сенімін нығайта түсті. Оларды жаңа қоғамдық қатынастар талабына сәйкес тың ізденістерге бас­тады. Т

Соңғы жаңалықтар