26 Қыркүйек, 2013

Қалалар ынтымақтастығының қадамы

410 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаров Қытай Халық Республикасы Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы Қарамай қаласы халықтық үкіметі мэрінің бірінші орынбасары Ян Сюевэнь бастаған делегацияны қабылдады.

Жақында Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаров Қытай Халық Республикасы Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы Қарамай қаласы халықтық үкіметі мэрінің бірінші орынбасары Ян Сюевэнь бастаған делегацияны қабылдады.

Үстіміздегі жылғы 7 қыркүйекте Пре­зи­дент Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Рес­публикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде келісімге келгені белгілі. Ақтөбе және Қарамай қалалары басшыларының бұл кездесуінің мақсаты осы келісімдер аясында аймақтар арасында әріптестік қарым-қатынас орнатудың бастапқы қадамы болып табылады. Қытай делегациясының біздің қаламызға кезекті іссапары алдағы уақытта осы қалалар арасында іскерлік қарым-қатынастың орнауына, сонымен қатар, әлеуметтік және экономикалық салаларда ақпарат алмасу алаңына айналуына алғышарт жасайды деп күтілуде.

Шаһар басшысы бұл кездесудің қалалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға берік негіз қалайтынын айта келіп, қазір екі ел арасындағы тауар айналымы 26 миллиард доллар құрайтынын, Елбасы Н. Назарбаевтың оны болашақта 40 миллиард долларға дейін жеткізуге тапсырма бергенін жеткізді.

Кездесуде сөйлеген Қарамай қаласы халықтық үкімет мэрінің бірінші орынбасары Ян Сюевэнь екі елдің, екі қаланың арасында ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның мәлімдеуінше, Қарамай да Ақтөбе секілді өндірісі жақсы дамыған мұнайлы өлке. Қазақстанда Қарамай қаласымен достық қарым-қатынас орнату бағытында Ақтөбе және Ақтау қалалары келісімге қол қойған. Қазіргі уақытта Ақтау қаласында ҚХР серіктестерінің қатысуымен құбыр зауыты мен мұнай жабдықтары кешені құрылысын жүргізу жоспарланып отырған көрінеді. Ал Ақтөбе мен Қарамай әзірге тек достық қарым-қатынастар орнату келісіміне қол қойды. Бұл кездесу екі жақтан да үлкен істердің бастамасы ретінде бағаланды.

Қытайлық қонақтар «СНПС-Ақтөбе­мұ­най­газ» АҚ басшысымен кездесіп, нысандар­да болды, «Актюбстройхиммонтаж» ЖШС-ның полиэтилен құбырларын шығаратын және «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС-ның жо­ғары технологиялық қытай жабдықтары қол­данылатын дәрі-дәрмек шығару зауыт­тарының жұмыстарымен танысты.Олар Назар­баев зияткерлік мектебін және басқа да бірқатар мәдени нысандарды аралап көрді.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар