Руханият • 15 Мамыр, 2020

Елбасы кітапханасы IV «Абай оқуларын» бастайды

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы және ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жыл сайынғы «Абай оқулары» әдеби эстафетасының басталғанын хабарлады.

Елбасы кітапханасы IV «Абай оқуларын» бастайды

«Абай оқулары» жобасы Абайдың әдеби мұрасын кеңінен насихаттап, қазақстандық жастар арасында оқу мәдениетін және әдеби талғамды жасақтауды көздейді.

Әдеби эстафетаның шарттары:

  1. Абайдың шығармаларының бірін мәнерлеп оқып, бейнематериалға түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде) және эстафетаны одан әрі жалғастыратын адамды белгілеу.
  2. Бейнематериалды Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің біріне #ЕлбасыКітапханасыАбай, #АбайдыОқимыз175 немесе #БиблиотекаЕлбасыАбай, #читаемАбая175 хэштегтерімен жүктеу.
  3. Эстафета 2020 жылғы 14 мамыр мен 20 тамыз аралығында өтеді.

Әдеби эстафетаның қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан озық шыққан қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.