Қоғамдық кеңестің құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде «Қоғамдық кеңес туралы» заңында белгіленген тәртіппен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар кіреді. Құрамындағы мүшелер саны - 12 адам.
Қоғамдық кеңеске он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы мүше бола алады.
Сонымен қатар, үміткердің:
- соттылығы болмауы;
- заңда белгіленген тәртіппен сот таныған сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін кінәлі болмауы;
- психикалық ауру, ішімдікке, есірткіге тәуелділік бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында тіркелген болмауы керек.
Байқауға қатысу үшін:
- коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өзінің Қоғамдық кеңеске мүшелікке өтуге өтініші;
- өмірбаяндық мәліметтер көрсетілген үміткердің кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы ақпарат.
Коммерциялық емес ұйымның ұсынысы және (немесе) азаматтың өзінің Қоғамдық кеңеске мүшелікке өтуге өтініші жазбаша түрде, үміткердің аты-жөні, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, өмірбаяндық мәліметтер және оның жоғарыдағы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар көрсетіліп жіберілуі қажет.
Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу конкурсында байқаушы болуға ниет білдірген азаматтар жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысуға электрондық поштаға өтініш жібереді.
Құжаттар электронды түрде келесі мекен-жайға жіберілуі тиіс: a.kabdullina@enbek.gov.kz, n.zhansarinova@enbek.gov.kz; ақпарат үшін ұялы телефондар 8-778-193-01-56; 8-705-523-43-30. Әр коммерциялық емес ұйым және өз ұсыныстарын берген әрбір азамат бір үміткерден артық емес ұсына алады.