Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Рұқсаты өткен қаруды 10 шілдеге дейін алып жүруге болады

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда рұқсаты өткен қаруды сақтауға және алып жүруге мерзімді 10 шілдеге дейін ұзартуға болады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Рұқсаты өткен қаруды 10 шілдеге дейін алып жүруге болады

Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес, төтенше жағдай кезінде қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттың мерзімі өткен азаматтық қару иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 486-бабына сәйкес осы жылдың 10 шілдесіне дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Жоғарыда көрсетілген күнге дейін бұл құжатты ұзартуға болады. Бұл ереже көлік жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталған жүргізушілерге де қатысты. Электрондық цифрлық қолтаңбамен E-gov электрондық үкіметтің порталы арқылы құжаттарды алмастыруға болады.