26 Қыркүйек, 2013

Қытай дәрігерлері жігіт маңдайына мұрын қойып берді

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 09-Kitay darigerleri

Қытай дәрігерлері өздеріне қаралуға келген науқастың тура маңдайына мұрын өсіріп берді. Бұл туралы «gigamir.net» хабарлады.

Қытайдың 22 жасар Сяолян есімді тұрғыны 2012 жылдың тамыз айында жол апатына ұшырап, мұрнын жарақаттап алған екен. Біраз уақыттан соң жас жігіттің ағза тіндері жансызданып, тыныс алуы нашарлай бастайды. Дер мезгілінде дәрігерге көрінуге асықпаған ол жағдайының қиындай түскенін сезіп, жергілікті жердегі ауруханаға келеді.

Тексеру нәтижесінде оның мұрын шеміршегінің шірігені және оның жарамсыз екені анықталады. Сосын дәрігерлер кеңесе келе, шеміршекті науқастың қабырғасынан алып, оны жас жігіттің маңдайына орнатып берді. Бүгінде жасанды мүше толық жетіліп, қалыптасқан.

Жуық арада дәрігерлер оны өз орнына қоюды жоспарлап отыр.

Айдар Өрісбаев

Соңғы жаңалықтар