
Бүгін, 26 қыркүйек күні кешке Украинаның Доенцк қаласында жергілікті «Донбасс» командасымен кездесіп, оны 4:2 етіп жеңген Астананың «Барысы» осымен Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатында қатарынан бесінші ұтысына қол жеткізді. Бұл туралы Egemennews.kz тілшісі хабарлады.
Астаналықтар алғашқы 15 минутта алаң иелерінің тегеурінді шабуылына төтеп бере келіп, ойындағы тепе-теңдікке жетті. Мұны олар тез голға да айналдыра білді. Осы кезде бірінші шайбаны Дастин Бойд түсіріп үлгерді. Арада екіжарым минут өткенде, ойынның 18-минутында Талғат Жайлауовтан пас алған Федор Полищук басымдықты ұлғайта түсті. Ал 19-минутта Бойд дубль жасап, есепті 3:0-ге жеткізді. Алайда, бірінші кезеңнің соңында донецкілік Евгений Дадонов 1 шайба салып, есепті қысқартты.
Екінші кезеңнің соңында қонақтар тағы бір шайба соқты. Оны Талғат Жайлауовтан керемет пас алған Максим Спиридонов өз есебіне жазды. Соңғы, шешуші жиырма минуттықта «Барыстың» бұрынғы шабуылшысы алаң иелері үшін тағы бір шайба салды. Сөйтіп, есеп 4:2-ге тұрақтады.
Дамир Қожамқұл.