Аймақтар • 16 Мамыр, 2020

IAAR-2020 рейтингі: Абай атындағы ҚазҰПУ үздік төрттіктер қатарында

685 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі сұранысқа ие жоғары оқу орындарының биылғы жылғы Ұлттық рейтингінің қорытындысына сәйкес Абай атындағы университет көшбасшы оқу орындары қатарынан көрінді.

IAAR-2020 рейтингі: Абай атындағы ҚазҰПУ үздік төрттіктер қатарында

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті үздік төрттікке енді. Жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингісінде бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша қорытынды көрсеткіштермен (24345) ҚР Жоғары оқу орындарының арасында да алдыңғы орыннан көрінген университет  педагогикалық жоғары оқу орындарының көш басында тұр.

Жоғары оқу орындарының ұлттық сұранысқа ие рейтингіне биыл 89 отандық оқу орны қатысты. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жыл сайын өткізетін «ҚР Жоғары оқу орындарына сұраныстың Ұлттық рейтингі-2020» бұл еліміздің жоғары білім беру сапасын жоғарылатуға бағытталған білім беру қызметтері мен ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін саралау мен бағалаудың тиімді құралы болып табылады.

Сараптамалық білім беру бағдарламаларының нәтижелерін сала бойынша бағалау рейтингісіндегі жетістік білім беру бағдарламаларының санына емес, сапасына және әртүрлілігіне, университет профилінің сәйкестігіне байланысты.

Рейтингке қатысу білім беру жүйесін трансформациялау жағдайында жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін, табыстылығын арттырудың, ел дамуының маңызды салаларында сұранысқа ие мамандарды даярлау сапасының әлемдік деңгейіне қол жеткізуге бағытталған шешуші факторына айналуда.