Тергеу барысында Тараз гарнизонының 10-нан артық әскери қызметшілерінің ауруға шалдығуына әкеп соқтырған бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, бөлімнің басшылығы мен медициналық қызмет тарапынан алдын-алу шаралары толыққанды ұйымдастырылмағандықтан және бақылаудың жоқтығынан болған.
Қорғаныс министрлігінің басшылығымен жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылданды. Әскери бөлім және медициналық қызмет қолбасшылығы, сондай-ақ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерін тылдық қамтамасыз етумен айналысатын бірқатар офицерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Әскери басшылықпен Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде қосымша шаралар қабылдауды, алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу үшін олардың сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.