Бүгінгі таңда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 100 977 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері — 86 752 бірлік.
2019 жылдың қорытындысы бойынша ШОК саласында жұмыспен қамтылғандар саны 232 543 адамды құрады, 2018 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны — 100,3%. ШОК субъектілері шығаратын өнім көлемі атаулы мәнде 211,3 млрд теңгеге немесе 2018 жылмен салыстырғанда 20,4%-ға ұлғайып, 1 248,6 млрд теңгені құрады. ШОБ субъектілерінің өнім шығару индексі 114,3% құрады.
Осы жылдың І тоқсанында облыстың шағын және орта бизнесі жалпы сомасы 75,6 млрд теңгеге салық төледі, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 130,3%-ды құрайды.
Отандық өндірушілерге әрекет етіп тұрған Мемлекеттік бағдарламалар, сондай-ақ қазақстандық бизнесті дамытуға бағытталған жаңа бағдарламалар аясында да қолдау көрсетілуде.
Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес субъектілері несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепіл мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда кепілдік беру, мемлекеттік гранттар беру және бизнес объектілеріне жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымды жеткізу түрінде қаржылық қолдау және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту, мамандардың біліктілігін арттыру түрінде қаржылық емес қолдау ала алады.
Қазіргі уақытта дағдарысқа қарсы шаралар барысында БЖК-2025 бағдарламасына несие беру тетігі тұрғысынан өзгерістер енгізілді, ұсынылған редакцияға сәйкес субсидиялау қосымша қаржылық жүктемесіз, соңғы қарыз алушы үшін 6% мөлшерінде біріздендірілген шартпен жүргізіледі, ал айырмасын мемлекет төлейді.
Несиенің жоғарғы шегі бір қарыз алушыға 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылып, салалық шектеулер алынып тасталды (сауданы қоспағанда), несие беру кезінде — ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 360 млн теңгеге дейінгі несие сомасы кезінде 85%-ға дейін, бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлер үшін 1 млрд теңгеге дейінгі несие сомасы кезінде 50%-ға дейін кепілдіктер беру тетігі оңайлатылды.
2020 жылы БЖК-2025 іске асыруға 6 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында жалпы несие сомасы 175 млрд теңге болатын 1219 жоба субсидияланды, төленген субсидия сомасы 15,5 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың 4 айында жалпы несие сомасы 1,8 млрд теңге болатын 38 жоба бойынша субсидиялау шартына қол қойылды.
Жалпы сомасы 17,6 млрд теңгеге 505 жоба кепілдендірілді, берілген кепілдік сомасы 7,2 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың 4 айында 882,4 млн теңге несие сомасына 22 жоба кепілдендірілді, кепілдік сомасы 369,5 млн теңгені құрады.
222 жоба бойынша 585,5 млн теңгеге гранттар берілді.
Бизнес жүргізу негіздеріне оқыту және әлеуетті әрі жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеу бойынша қаржылық емес қолдау аясында «Бизнес – Кеңесші» және «Бизнес – Өсу» компоненттері бойынша 14,7 мың тыңдаушы, «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы бойынша 422 адам оқудан өтті.
«Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» жобасы аясында 21,2 мың клиентке 50,9 мың сервистік қызмет көрсетілді.
Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында 79,8 мың клиентке 134,5 мың кеңес берілді.
Барлығы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында облыс кәсіпкерлері 41,3 млрд теңге салық төледі, 1 043,3 млрд теңге сомасына өнім шығару қамтамасыз етілді, 4,5 мың жұмыс орны ашылды.
Өңірлік деңгейде кәсіпкерлердің басым жобаларын іске асыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп, 2016 жылдың соңында «Ақ-Ниет» ШОК субъектілерінің жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. Қазіргі таңда дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру тетігіне өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, салалық шектеулер (оның ішінде бөлшек сауда) жойылды, кредиттің ең жоғары сомасы 50 млн теңгені құрайды, несие мерзімі инвестицияға 7 жылға дейін және айналым қаражатын толықтыруға — 3 жылға дейін.
Бағдарлама іске асырыла басталғалы бері (2016 жыл) осы мақсаттарға 4,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 2,25 млрд теңге облыстық бюджет қаражатынан және 2,25 млрд теңге «Даму» қорының қаражатынан. 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қайтарымды қаражатты есепке ала отырып, 4,9 млрд теңге сомасына 120 жоба қаржыландырылды, оның ішінде 2019 жылы қайтарымды қаражатты есепке ала отырып, 1,2 млрд теңгеге 48 жоба қаржыландырылды.
Бизнесті қолдаудың тағы бір шарасы ретінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Басқармасының Қаулысымен төтенше жағдайды енгізуден зардап шеккен ШОК субъектілеріне жылдық 8% мөлшерлемемен 12 айдан аспайтын мерзімге, айналым қаражатын толықтыруға салалық шектеулерсіз ШОК субъектілері үшін 3 млрд теңгеге дейін және ЖК үшін 50 млн теңгеден аспайтын жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бекітілді.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін Ұлттық банк 600 млрд теңге бөлді, олар 12 екінші деңгейлі банктерде орналастырылған. Оператор ретінде «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ белгіленді. Несие қаражаты тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, жалақыны қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеуге бағытталуы мүмкін.
12.05.2020 жылғы жағдай бойынша төтенше жағдайды енгізуден зардап шеккен ШОБ субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға ЕДБ-ге ШОБ субъектілерінен 15,9 млрд теңге сомасында айналым қаражатын толықтыруға 47 өтінім келіп түсті.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 12 мамырдағы шұғыл ақпарат бойынша ШҚО-да Екінші деңгейлі банктер мен Аграрлық несие корпорациясы 11,8 млрд теңге сомасына 151 жобаны мақұлдады. ЕДБ мен АНК қарауында 1,9 млрд теңге сомасына 27 жоба жіберілген.
Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағытын іске асыру аясында қалалар мен моноқалаларда шағын несие беру бойынша 2017 жылдан 2020 жылға дейін 4,067 млрд теңге сомасына 356 жоба несиелендірілді, оның ішінде 2020 жылы 230,56 млн теңге сомасына 21 жоба несиелендірілді.