Аймақтар • 17 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: Қадыр түнін үйде қарсы алу ұсынылды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа жергілікті Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте 18 мамырдан бастап өңірдің имамдары Теміртау қаласы мен Ботақара кентінен басқа елді мекендердегі мешіттерге жамағатты шағын топпен ғана кіргізе бастайтынын мәлім етті.

Қарағанды облысы: Қадыр түнін үйде қарсы алу ұсынылды

– Облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты аймақтағы мешіттерде әлі де бұрынғы шектеулер сақталып отыр. Жеке дұға етуге рұқсат. Әрбір адам намазды санитарлық нормаларды сақтай отырып оқи алады. Келушілердің арасындағы қашықтық кемінде 1,5 метрді құрауы тиіс, бетперде мен қолғаптар міндетті түрде болуы керек. 15 минуттан артық ғимаратта болуға және қол алысып амандасуға тыйым салынады. Құран оқуға және бата алу үшін келуге болады, бірақ қашықтықты сақтай отырып, бір мезгілде 10 адамнан артық жиналмаған жөн. Сондай-ақ, неке қию рәсімі-никах рұқсат етілген, бұл ретте 4 адамнан артық болмауы тиіс. Қадыр түні мен айт-намазы әзірге мешіттерде өткізілмейді. Мен бұған түсіністікпен және кішіпейілдікпен қарауға шақырамын. Мұның бәрі біздің қауіпсіздігіміз үшін, – деп атап өтті ол.

Облыстың бас имамы мұсылмандарға мамырдың 19-нан 20-на қараған түні атап өтілетін Қадыр түнін үйде қарсы алуға ұсыныс жасалғанын жеткізді.

 

Қарағанды облысы