Қоғам • 18 Мамыр, 2020

Докторант 7 жарияланымның орнына 1 сапалы мақала жазуға құқылы

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады. Ведомство басшысы отандық ғылымды дамыту төңірегінде газетімізге берген сұхбатында осы мәселенің қарастырылып жатқанын жеткізген еді. Міне, енді осы түйткілдің түйіні тарқатылып, заңды күшіне енгізілді. 

Докторант 7 жарияланымның орнына 1 сапалы мақала жазуға құқылы

Осыған орай бұған дейін докторант қорғау кезеңіне дейін жету үшін 7 мақала жариялауға міндетті болған докторант бұдан былай тек сапалы 1 мақаламен диссертациясын қорғауға шыға алады. 

«Диссертацияны қорғау кезіндегі жарияланымдарға қойылатын талаптар қайта қарастырылды. Білім және ғылым министрлігінің тиісті Бұйрығы Әділет министрлігінде тіркелді. Бұған дейін докторант қорғау кезеңіне дейін жету үшін 7 мақала жариялауға тиісті болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін докторанттар сапасы күмән тудыратын журналдарда жарияланымдар жасауға мәжбүр болды. Біздің ғалымдардың мақалалары халықаралық базалардан алынып тасталған, түкке тұрмайтын журналдарда жарияланған кездер де болатын. Осыған байланысты біз бұл тәжірибені өзгерту бойынша шешім қабылдадық. Енді қарапайым ереже жұмыс істейді – сапасы төмен журналдарда 7 мақала жариялағанның орнына, жоғары квартильге кіретін басылымдарда мақалалар жарияланса жеткілікті. Ал бірінші квартиль құрамына кіретін журналдарда бір ғылыми мақала шыққан болса, өзге жарияланымдар талап етілмейді. Бұл шара сапасыз жарияланымдардың санын азайтып, жүктемені жеңілдетеді және ғалымдарды дәйексөздері таралу бойынша жоғары деңгейдегі оригиналды ғылыми мақалалар жазуға ынталандырады», деп жазды министр.