07 Сәуір, 2010

ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ МҮШӘЙРА

735 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Осымен 20-шы рет өткен “Ұлытау әуендері” фестивалі аясында жергілікті ақындар өлең-жырларының байқауы тартымды болды. Биыл үшінші жыл ұйым­дастырылған мүшәйра Жеңістің 65 жылдығына арналды. Оған лақап атпен түскен 42 өлең әде­биет пен өнер өкілдері тар­тыл­ған ал­қалы отырыста жан-жақты талданды. Шығармашылық сайыста Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің доценті, Жазушылар одағының мүшесі Ғазиз Ештанаев өлеңі ең таңдаулы деп танылды.Сондай-ақ Дәуренбек Бұланбаев, Серік Сағынтай, Қанат Мусин, Ерсін Мұсабеков, Жанат Әбдіғожин, Ибрагим Бекмахановтардың жырлары жақсы бағаланды. Бас жеңімпазға 150 мың теңге ақшалай сыйлық, бірінші, екінші орын алған жүлде­герлерге тиісінше ноутбук және теледидар тапсырылды. Алдағы уақытта жезқазғандықтармен қатар, облыстың басқа да танымал ақындарын осы мүшәйраға кеңірек қамту көзделіп отыр. Айқын НЕСІПБАЙ. ЖЕЗҚАЗҒАН.