27 Қыркүйек, 2013

Алматы армия генералымен қоштасты

323 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

МИНОБОРОНА 010Қазақ елі өзінің тағы бір батыр ұлын ақтық сапарға шығарып салды. Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ опера және балет театры ғимаратында қала халқы мен қонақтары көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовпен қоштасты.

МИНОБОРОНА 010

Қазақ елі өзінің тағы бір батыр ұлын ақтық сапарға шығарып салды. Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ опера және балет театры ғимаратында қала халқы мен қонақтары көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовпен қоштасты.

Мемлекетіміздің қорғаныс саласына орасан зор еңбек сіңірген қайраткерді соңғы са­парға шығарып салуға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қайрат Қожамжаров, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасы Нұртай Әбіқаев, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сәкен Жасұзақов, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов баста­ған қоғам және мемлекет қайрат­керлері келді.

Жиылған көпшілік алдында Б.Сағынтаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен Сағадат Нұрмағамбетовті ақтық сапарға шығарып салу ісімен айналысатын үкіметтік арнайы комиссияның құрылғандығын және сол комиссияның же­тек­шісі ретінде Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мар­құмның отбасына және туған-туыстарына жолдаған көңіл айту хатын оқып берді.

Мемлекет басшысының көңіл айту хаты оқылғаннан ке­йін Сағадат Нұрмағамбетовтің қарулас достары мен әскери салада тәрбиесін көрген шәкірттері қоштасу сөзін айтып, Қазақ елі Сағадат Нұрмағамбетовті ешқашан ұмытпайтынын, тек әскерилер ғана емес, күллі қазақстандықтар ол кісінің еңбегі мен ерлігі алдында бас иетінін жеткізді.

Бір сәт қала көшелеріндегі қозғалыс тоқтатылып, ардагердің денесі салынған әскери мәшине соңынан сап түзеген қалың қауым аза күйінің сүйемелімен тау бөктеріндегі зиратқа жол тартты. Әскери бөлімдердің сарбаздары мен әскери мектептердің түлектері қаралы шерудің жолына гүл төсеп, ерлігімен еліне қызмет еткен ерге лайықты құрмет көрсетті. Қазақтың қаһарман ұлымен қоштасу рәсімі барысында Royal Tulip Аlmaty мейрамханасында ас беріліп, марқұмның рухына құран бағышталды.

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28