27 Қыркүйек, 2013

Қойға да кезек келгендей

414 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Мыңжылдықтарды қамтитын көне тарихымызда біздің ата-бабаларымыз неліктен қой мен жылқы өсіруді өз тіршілігіне негізгі таяныш етіп алған? Неліктен еті мен сүті мол сиырға қарағанда, қой мен жылқы бағуға бейімдеу келген? Себебі, біздің жеріміздің ерекшеліктері мен табиғи климат жағдайы бірінші кезекте қой мен жылқы өсіру үшін аса қолайлы болып есептеледі. Егер сиыр малы шөпті тілімен орап, жұлып жесе, қой мен жылқы тістеп жейді. Соның ішінде қой малы өзі жайылған жайылым аумағын барынша тақырлап, тегіс пайдаланады. Яғни, көп жері шөлейтті болып келетін құмды да тау мен тасты Қазақстан жағдайында (Қазақстан­­­дағы барлық жайылымдықтар көлемінің 60 пайыздан астамын шөл және шөлейт жерлер құрайтындығын еске сала кетейік) жайылым­­­дықты тиімді пайдаланудың ең бір өтімді жолы қой шаруашылығын дамыту болып табылады. Осы мәселені біздің ата-бабаларымыз өздерінің көп ғасырлық тәжірибесінде ерте аңғарған.

3укимет2

3укимет2 

Мыңжылдықтарды қамтитын көне тарихымызда біздің ата-бабаларымыз неліктен қой мен жылқы өсіруді өз тіршілігіне негізгі таяныш етіп алған? Неліктен еті мен сүті мол сиырға қарағанда, қой мен жылқы бағуға бейімдеу келген? Себебі, біздің жеріміздің ерекшеліктері мен табиғи климат жағдайы бірінші кезекте қой мен жылқы өсіру үшін аса қолайлы болып есептеледі. Егер сиыр малы шөпті тілімен орап, жұлып жесе, қой мен жылқы тістеп жейді. Соның ішінде қой малы өзі жайылған жайылым аумағын барынша тақырлап, тегіс пайдаланады. Яғни, көп жері шөлейтті болып келетін құмды да тау мен тасты Қазақстан жағдайында (Қазақстан­­­дағы барлық жайылымдықтар көлемінің 60 пайыздан астамын шөл және шөлейт жерлер құрайтындығын еске сала кетейік) жайылым­­­дықты тиімді пайдаланудың ең бір өтімді жолы қой шаруашылығын дамыту болып табылады. Осы мәселені біздің ата-бабаларымыз өздерінің көп ғасырлық тәжірибесінде ерте аңғарған.

Әдетте қой шаруашылығы экономика­ның ең бір консервативті салаларының қатарында аталатындығы белгілі. Қой шаруашылығы бір құлдыраса, оны көтеру оңай емес екенін біз осы соңғы жиырма жылдық тәжірибемізден де жақсы аңғарып қалдық. Оған мемлекеттің көп қолдауы қажет екен. Ал жаңа құрылған жас мемлекеттің басқа да шаруалары қат-қабат түсіп жатқандықтан қой шаруашылығын көтерудің кезегі қашан келетіндігі бізге белгісіз еді. Енді осының да сәті туған секілді. Өйткені, соңғы уақыттары мемлекет тарапынан жасалынып жатқан әрекеттер тізбегі мен елдің жекелеген өңірлерінде қолға алынған бастамалар осындай үміт күтуге мүмкіндік беретіндей. Жуықта Алматы облысы, Қарасай ауданы, Мыңбаев ауылында Қазақстан қой шаруашылығы мамандарының бірінші съезінің өтуін осы жақсы нышанның бастамасы ма деп қабылдап, онда айтылған жаңалықтарды газет оқырмандарына жеткізуді жөн көрдік.

Съезге Ауыл шаруашылығы министрі Асыл­жан Мамытбеков қатысып, Елбасының Үкіметке жайлаудағы мал шаруашылығын да­­­мыту, соның ішінде қой шаруашылығын да­мыту жөнінде нақты тапсырма бергендігін жеткізді.

– Соңғы жылдары біздің елімізде агро­өнер­кәсіптік кешенінің дамуы қарқынды си­патқа ие болып отыр. Сала бойынша соңғы 12 жылда жиынтық өнім көлемінің 4 есе өсуі соның көрінісі. 2012 жылы оның жалпы көлемі 1,9 триллион теңгені құрады. Осы уақыт аралығында өсімдік шаруашылығы өнім көлемі 3 есе (325,7 миллиард теңгеден, 981,2 миллиард теңгеге) өссе, мал шаруашылығындағы өнім көлемі 5 есе (207,9 миллиард теңгеден 1 триллион теңге) өсті. Сөйтіп, 2012 жылы еліміз тәуелсіздікке ие болғалы бірінші рет ауыл шаруашылығындағы мал шаруашылығының үлесі өсімдік шаруа­шылығынан асып түсті, – деді министр.

Асылжан Мамытбековтің айтуынша, елімізде «Агробизнес-2020» бағдар­ламасының қабылдануы қой шаруашы­лы­ғының мұнан кейінгі дамуына жақсы жол ашуға тиіс. Егер бұл салада осыған дейін қой өсіруді және жібек жүн өндіруді, асыл тұқымды қой сатып алуды субсидиялау шаралары жүзеге асырылып келсе, жоғарыдағы бағдарлама бұған қосымша жаңа қолдау шараларын қарастырып отыр. Соның ішінде инвестициялық субсидиялау, банктен алынған несие мен лизингтердің пайыздық ставкаларын субсидиялау сияқты шаралар да бар. Енді осы шараларға нақтырақ тоқталсақ.

Үстіміздегі жылдан бастап қой шаруа­шылығындағы тұқым асылдандыру жұмыстарын ынталандыру үшін асыл тұ қымды әрбір аналық мал басына 1500 теңге субсидия беріле бастады. Бұл субсидия – асыл тұқымды тауарлық отарларды қалыптастыру мен олардағы мал басын көбейтуді мақсат етуден туған шара. 2014 жылдан бастап асыл тұқымды қой сатып алу үшін оны өсірушілерге жеңілдікті несиелер беріле бастайды. Бұл шараны бір есептен алғанда асыл тұқымды сиырлар сатып алу ісінде осыған дейін қолданылып келе жатқан «Сыбаға» бағдарламасына ұқсатуға немесе оның қой шаруашылығындағы баламасы ретінде қабылдауға болады.

2014 жылдан бастап, жайлаудағы жайылым­дықтарда құдық қазушыларға оның құнының 80 пайызы көлемінде инвестициялық субсидиялар беріледі. Бұл шара биылғы жылы қазылған құдықтарды да қамтитын болады. Яғни жайлауда мал жайып, одан мал суаратын құдық қажет етушілер бұл іске биылғы жылдың өзінде кірісе алады.

2014 жылдан бастап фермерлерді мате­риалдық-техникалық тұрғыдан қайта жарақ­тандыру үшін сатып алынатын трак­тордың, шөп шабатын машинаның, тайлау машинасының және басқа да қажетті тех­ника құнының 50 пайызы көлемінде инвес­тициялық субсидия берілетін болады.

Әрине, мұны қой шаруашылығын нақты түрдегі мемлекеттік қолдаудың басталғандығы деп түсінгеніміз жөн. Бірте-бірте басқа да қолдау шаралары ұйымдастырылатын секілді. Мәселен, әрбір қой басына төленетін 1500 теңге субсидияны таяу жылдардың ішінде 2 мың теңгеге көтеру, сондай-ақ ешкі өсіремін деушілерге де осындай көмектер көрсету мәселесі қарастырылатындығы сол съездің өзінде белгілі болып қалды.

Міне, қой шаруашылығын дамыту мақса­­­тында енгізілетін осы жаңалықтардың барлы­ғы съезге жиналған қой өсірушілерге айтып, түсіндірілді. Қой малы өзінің етімен, жүні­мен, табиғи қиындықтарға бейімділігімен қадірлі. Қой сүті құнарлы келеді және жеңіл қорытылады. Қой жүнінен киім әзірлеуге, терісінен түрлі тондар мен жылы киімдер дайындауға болады. Ал, қой еті көп жағдайда майлылығымен ерекшеленеді. Мұны біздің халқымыз «қойдың еті – қорғасын» деп орынды бағалаған. Қой еті майлы болғандықтан, асқазанда ұзақ қорытылады. Оны жеген адамдар өздерін ұзақ уақыт бойы тоқ сезінеді. Шамасы, қазақ халқының бағзы замандар­да қой етін қасиеттеп, қадір тұтуының бір сыры осында болса керек. Бірақ, тағам түрлері көбейген қазіргі заманда адамдар майлы ас мәзірлерінен қаша бастады. Жиі тамақтанатындықтан, көбінесе жеңіл асты тұтынғанды жөн көреді. Осыған сәйкес біздің елімізде де етінің майлылығы аз қой өсіру мәселесі өзекті бола түскен еді. Мұның да жауабы табылған секілді. Соңғы жылдардан бері бір топ ғалым Алматы облысында еті мен жүні қазіргі нарық сұранысына сай келетін «етті меринос» қой тұқымын өсіріп шығарды. Олардың санының өзі 400 мың басқа жуықтады. Біздің елімізде алдағы уақытта, бәлкім, осы қой тұқымы көбірек өсіріліп, кеңірек тарайтын болар.

Міне, осы бір жайтты республикалық қой өсірушілер съезі өткен Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов та орынды атап көрсете кеткендей болды.

– Қой шаруашылығы саласының өркендеуіне мемлекет тарапынан зор көңіл бөлініп, үлкен қолдаулар жасалуда. Жоғары жақтың демеуі тұрғылықты халқының 70 пайыздан астамы ауылды жерді мекендейтін Алматы облысы үшін аса маңызды. Бізде мал шаруашылығы, оның ішінде қой шаруашылығы соңғы жылдары біршама өркендеуге ие болып, бір кезде жоғалтып алған биіктерін қайта бағындыра бастады. Қазіргі кезде облысымыздағы қой шаруашылығы дамуында үлкен ілгерілеу бар. Бүгінгі күні еліміздегі жалпы саны 18 миллионнан асатын қой-ешкінің 4 миллионға жуығы Алматы облысында және оның ішіндегі асыл тұқымдылар қатары алға жылжыған уақытпен бірге артып келеді. Қазақтың биязы жүнді, арқар-меринос, Австралия мериносы, Қазақтың етті биязылау жүнді қойларымен бірге кейінгі жылдары Дегерес, Гемпшир, етті-майлы Еділбай, Сарыарқа, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларының тұқымдары да көбеюде. Жетісулық ғалымдар мен шопан-фермерлердің еңбегінің нәтижесінде облыста биязы жүнді, етті-жүнді бағыттағы «етті меринос» тұқымы шығарылғанын да мақтанышпен айта кеткен жөн. Бүгінде жергілікті фермерлер мен ғалымдар мал басын асылдандырып, қолда бар тұқымның генофондын сақтауда үлкен жұмыстар атқаруда, – деді ол өз сөзінде.

Жалпы, атам қазақтың негізгі кәсібі саналатын қой шаруашылығын бюджет пен инвес­торлар қаржысы арқылы қолдау тәжірибесі, соның ішінде жайлаудағы жайылымдықтарды тиімді пайдалануға деген талпыныс ел өңірлерінде осы уақытқа дейін көрініс беріп үлгергендігін айта кетсек артық болмас. Соның бірі – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамашылығымен қ

Соңғы жаңалықтар