Ақтөбе облысы – тау түгілі, төбесі жоқ дерліктей қазақтың кең жазық даласындағы өңірлердің бірі. Дегенмен, аймақ аумағында шоқылар мен жоталар жетерлік. Ақтөбе қаласының маңындағы осындай шоқылардың бірін жергілікті тұрғындар Түйетөбе деп атап кетіпті. Сонау өткен ғасырдың отызыншы жылдар жаңғырығы дәл осы тұстан елес беріп тұрғандай. 30-жылдары Ақтөбе өңірінде 8 мыңнан астам адам саяси қуғын-сүргінге тап болып, олардың екі мыңнан астамы ату жазасына кесілген екен. Көпшілігінің мүрдесі осы Түйетөбе сайында жатыр.

Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына қатысты мәселелерді індете зерттеп жүрген ғалым, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ерлан Сайлаубаймен аз-кем пікір алысудың сәті түскен-ді. Сөз басын өткен жылғы Ақтөбеге келген сапарында зұлмат жылдар тарихына қатысты өрбітті. Сол кезде ол кісі Түйетөбе мен жазықсыз жазаланған жандар, топырақ астында қалған өзге де жерлер жөніндегі тұжырымын төмендегіше түйіндеп еді: «Елімізде адамдардың атылған орындары әлі күнге дейін сырын ішіне бүгіп, толық ашылмай жүргендері жетерлік. Соның ішінде Түйетөбеге қатысты айтсам – бұл кездейсоқ ашылған орын. Сондай-ақ облыс аумағындағы Қарғалы өзенінің бойындағы Кемпірсай деп аталатын табиғат қойнауынан да осындай қазан шұңқырларды кездестірдік. Бұл бағытта Қазақстан Президенті архивінен шекаралас аймақтар бойынша біраз деректерді іздестіріп көргенбіз. Сол кезде Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) қызметкерлерінің «шекарадан өтіп бара жатқандар тоқтатылды» деген хабарламаларын жиі кездестірген едік. Ашығын айтқанда, олар саяси қуғын-сүргіннің тепкісінен зардап шегіп, әбден арып-ашып, ашаршылықтан құр сүлдері қалған жазықсыз жандар еді. Архив құжаттарындағы деректердің астарына үңілсек, олардың бәрін қоршап алып атып тастап, отырғанына көз жеткізу қиын емес».
Тағы бір айта кетерлік жайт, Қазақстан мен Ресейдің шекаралас тұсында Сүйексай деген жер бар. Мұнда әлі күнге дейін адамдардың шашылған сүйектері көрініп жатыр деп ел-жұрт бұл жаққа қарай аттап баспайды.
1929-1931 жылдары орын алған тоталитарлық режім ұжымдастыру ісін әдейі қолдан жасап, бұл керағар іс халықтың наразылығын туғызғаны мәлім. Осы бір жылдарда Ақтөбе аймағында Адай-Табын және Ырғыз көтерілістері бұрқ ете түскені де халық зердесінен өше қойған жоқ. Солардың бәрі «халық жауы» ретінде жазаланып, ату жазасына кесілгені, өзгелері жазалау орындарында ауыр бейнет пен мехнатты бастан кешіп өмірден өткені қалың тарихымыздың қасіретті беттері болмақ. Ақтөбе облысы бойынша осы жағдаяттарға қатысты сөз қозғалғанда алғашқылардың қатарында қазақ тілі мен лингвистикасы саласындағы алғашқы қазақ профессоры, саяси қуғын-сүргін жылдарының құрбаны Құдайберген Жұбановтың есімі санамызда жаңғырады. Осыдан бір-екі жыл бұрын көрнекті тарихи тұлғаның ұлы Асқар Жұбановпен кездесіп әңгімелескен едік. Сонда көңілін бір сәтке мұң шала қалған Асқар ағамыз былайша тебіреніп, толғанып еді:
«Мен Құдайберген Жұбановтың алты баласының кенжесі едім. 1937 жылдың 17 қарашасында дүниеге келгенмін. 19 қараша күні әкем Құдайберген Жұбанов мені перзентханадан үйге алып барған екен... Бұл әкемнің мені тұңғыш әрі соңғы рет көруі болыпты. Сол күні әкемді «халық жауы» деген жаламен ұстап алып кетіпті. Анамыздың және жасы менен әжептәуір үлкен аға-апаларымның айтуынша, үйде ешнәрсе қалдырмай, әкемнің барлық кітаптарын және қағаз қолжазбаларын көлікке тиеп әкетіпті. Содан 1938 жылдың 25 ақпанында «халық жауы» деген желеумен әкемді атып жіберіпті, деген Асқар ақсақал сол бір шақтағы отбасы тартқан қайғы-қасірет жөніндегі әңгімесін былайша жалғады. – Айтатын нәрсе өте көп. Көрген қиыншылықтарымыздың бірі – «халық жауының баласы» деген желеумен қоғамда шетқақпай көргеніміз. Аға-апаларымыз коммунистік партияның қатарына да өте алмады. Ең қиын кезде Ақтөбедегі жерлестеріміз бен туыстарымыздың қасында болдық. Сол кезде олардың ешқайсысының аузынан бізге бағытталған «халық жауының ұрпағы» деген сөз шықпаған екен. Соған риза болдық. Әкеміздің есімі ел есінде сақталып қалғанын мақтан тұттық. Бүгінде Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне әкеміздің есімі берілгеніне ризамыз».
Ақтөбе аймағында болған ашаршылық пен оның зардаптары жөнінде Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінде сақталған құжаттардың алғашқы бөлігі 1928 жылға тиесілі. Яғни өңірдегі ашаршылық туралы құжаттар 1928 жылдан бастап жинақталған. Сонымен қатар мұнда Ақтөбе облысындағы Алашорда қозғалысы және алашордашыларды репрессиялау туралы мәліметтер де кездеседі. Соның ішінде алашордашылардың контрреволюциялық «Жекей-Назар» тобы мүшелерінің тізімі де бар.
«Сақталған құжаттарда жер аударылғандардың тізімі, өмірбаяндық деректері, отбасы құрамы және жұмысқа орналастырылуы туралы мәліметтер көптеп берілген. Әсіресе осы тақырыпқа байланысты зерттеу жүргізушілер үшін бұл өте құнды мәліметтер екенін атап көрсеткіміз келеді», дейді Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің қызметкері Бақытгүл Ешмұратова.
БК (б) П Қазақстан өлкелік комитетінің 1936 жылғы 10 ақпанындағы №170 хаттамасында Қазақстанға 15 мың неміс және поляк шаруашылықтары көшіріліп, оның ішінде Ақтөбе облысына мың шаруашылық орналастырылғаны жөнінде қаулы қабылданғаны айтылған. 1944 жылғы мәлімет бойынша облыста арнайы қоныс аударылған 2351 отбасы болған және олардың арасында 1492 отбасы кеңшарларға орналастырылған. Олардың дені Мәртөк, Ключевой және Новоресей аудандарында тұрыпты. Нәубет кезінде бүгінгі күні Қазақстанды өз Отаны деп санайтын неміс, поляк, корей, чешен және қарашай секілді этнос өкілдері де жаппай қуғындалып орасан зор зардап шеккені белгілі. Әйтсе де оларға құшағы кең қазақ халқы қара ағаштай пана, бәйтеректей сая бола білді. Қазіргі күні олардың бәрі қазақ халқына айтар алғысы мол.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Света Смағұлованың айтуынша, 1920-1922 жылдардағы қазақ жеріндегі аштық жөнінде құпия құжат көп болған. 1921 жылдың басында Ақтөбе губерниясының тұрғыны 501 637 адам болса, солардың 361 049 ішерге ас таба алмаған. Өлген малдың иістенген етін жеген адамдар жұқпалы ауруға тап болған. М.Дулатов 1921 жылы «Ақжол» газетінде: «Күніне 250 адам өледі. Ел ішін қан сүзек, қайталама сүзек және бөртпе сүзек секілді жұқпалы аурулар жайлап кетті. Адамдардың көпшілігі осыдан жан тапсырып жатыр. Өліктерді жинауға да мүмкіншілік болмай тұр», деп жазған екен.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұдан бірер жыл бұрын: «Қазақ халқы үшін өткен ХХ ғасыр өзге халықтардың тек қорқынышты түсіне ғана кіретіндей зұлмат оқиғалардан тұрады», деп атап көрсеткені белгілі. Осы қасіретті ұмытпай әрқашан зерделеп жүру үшін Елбасының 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп белгілегені – үлкен жанашырлық пен парасаттылықтың белгісі. Біз осы қастерлі күнді әркез қастер тұта білуге тиіспіз. Осы тұрғыда бұдан екі жыл бұрын Ақтөбе қаласында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылғаны жазықсыз жазаланған жандарды мәңгілік есте сақтауда елеулі рөл атқармақ. Оны нәубет кезеңдердің нышандық белгісі және елдік пен тәуелсіздікке жету жолындағы қасіретті жылдардың көрінісі деп бағалағанымыз орынды болмақ. Аталған мемориалдық кешен келешек ұрпақтың бойында халықтық таным-түсініктің қалыптасуына және жалпы ұлттық сана-сезімнің одан әрі жаңғыруына септігін тигізері анық.
АҚТӨБЕ
Руханият • Кеше
Өнер • Кеше
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • 27 Ақпан, 2021
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • 27 Ақпан, 2021
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар