Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында депутаттар халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Жалпы отырыстың күн тəртібінде алдымен бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру жəне өткізу тəртібі туралы заң жобасы қайта қаралды. Депутат Қанат Мусин аталған заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды Мəжілістің Заңнама жəне сот, құқықтық реформа комитеті мұқият қарап шыққанын айтып, бірқатар мəселеге тоқталды.
– Сенаттың түзетулері Мəжіліс мақұлдаған тұжырымдама мен мазмұнды өзгертпейді əрі оның жекелеген нормаларын жақсартуға бағытталған. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жəне облыстардың əкімшілік орталық аудандарында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырудың арнайы орындарының міндетті санын белгілеу, тұрмыс-тіршілік нысандарының, көлік пен өзге де инфрақұрылымның жұмыс істеуінің бұзылуы, азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі кел тіру сияқты бейбіт жиналысты өткізуден бас тарту негізін алып тастау ұсынылады. Өйткені мұндай кедергілерді билік нақты əрі арнайы орынды белгілеу кезінде ескеруі жəне олардың алдын алуы тиіс. Егер мұндай бұзушылықтар жойылса, бейбіт жиналысқа жекелеген қатысушылардың құқыққа сыйымсыз əрекеттеріне байланысты жиналысты тоқтатпау жəне бейбіт жиналыс барысында денсаулықты қорғауға арналған жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға рұқсат беру ұсынылады. Сонымен қатар заң жобасының жекелеген нормаларының құрылымын жетілдіру мақсатында түзетулер енгізілді, – деді Қанат Мусин.
Мəжіліс депутаттары бұл заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды бірауыздан қолдап, дауыс берді. Бұдан кейін депутаттар өздері бастамашы болған халық аралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мəселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл құжат жөнінде алқалы жиынның мінберінде депутат Павел Казанцев баяндама жасады. Оның айтуынша, заң жобасы навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, транзиттік тасымалдарды қадағалап отыру жүйесін құру жөніндегі шаралар кешенін əзірлеуге қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру мақсатында əзірленді. Заң жобасында Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жəне «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толық тырулар енгізу ұсынылады. Онда «халықаралық тасымалдарды қадағалап отырудың ақпа раттық жүйесі», «электронды сəйкестендіргіштер (навигациялық плом балар)» ұғымдарын енгізу; Үкіметке халықаралық тасымалдарды қадағалап отыру жүйесінің ұлттық операторын айқындау бойынша құзыреттілік беру; халық аралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде электронды сəйкестендіргіштерді пайдалану бөлігінде тасымалдаушыларға қойылатын талаптарды белгілеу; электронды сəйкестендіргіштерді қасақана бүлдіргені немесе жойғаны үшін əкімшілік жауаптылықты енгізу көзделген. Сонымен қатар заң жобасында навигациялық пломбаларды пайдалану тəртібін салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті органның бекітуі ұсынылады.
Заң жобасын талқылау барысында баяндамашыдан депутат Бекболат Тілеухан онсызда шекарада ұзақ кідіретін жүк тасушы көліктерге навигациялық пломбалар орнату ұсын-сонар кезектің пайда болуын соқтырмай ма деп сұрады. Сұраққа жауап берген Павел Казанцев шекарадан өтетін көліктердің бəріне бірдей аталған қадағалау жүргізілмейтінін, бұл процес еуразиялық кеңістіктегі барлық жүк тасушы көліктердің 6-7 пайызына ғана қатысты екенін айтты. Сондай-ақ алқалы жиынға қатысқан Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден Қазақстанға келетін көліктер жылдан-жылға көбейіп жатқанын, сондықтан заманауи технологиялардың көмегімен оларды қадағалау керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, навигациялық пломбаларды көлікке тағу бір минут қана уақытты алады. Сосын сигнал арқылы мұндай көліктердің қозғалысын Мемлекеттік кірістер комитетінің ситуациялық орталығы бақылайды. Бұған қоса Қанат Баеділов депутат Бақытбек Смағұлдың сұрағына орай алдағы уақытта жүк көліктерінен басқа да көлік құралдарына, оның ішінде темір жол арқылы өтетін вагондарға қадағалау жүргізілу қарастырылып жатқанын айтты. Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл заң жобасы жөнінде сөз қозғағанда депутаттардың заң шығарушылылық жұмысына баса назар аударды.
– Біз депутаттарымыздың бастамасымен əзірленген тағы бір заң жобасын мақұлдадық. Ерекше айту керек, біздің депутаттардың заң шығару бастамашылығы – осы сессияда өте жоғары. Мысалы, 41 заң жобасына депутаттар өздері бастамашы болды. Алдымызда тағы да он шақты заң жобасы бар, – деді Нұрлан Нығматулин.
Сонымен қатар депутаттар ТМД-ға мүше мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі жəне оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғ ымбаев бұған 6 елдің – Ресей, Тəжікстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан жəне Молдованың ішкі істер министрлері қол қойғанын мəлімдеді.
– Хаттаманың негізгі мақсаты – ұрланған автокөлік иелерінің құқықтарын қорғау. Келісімді бекіту бірқатар мəселені шешеді. Мəселен, 2005 жылы Келісім қабыл данғаннан бастап, осы кезге дейін ұрланған 220-дан аса көлік тің тек 66-сы, яғни 30%-ы елге қайтарылған. Өйткені сұрау салу нормалары дұрыс жұмыс істемейді. Осы кемшіліктерді жою үшін құжатқа жаңа нормалар енгізілді. Енді ереже бойынша сұрау салуды орындауға бір ай ғана уақыт беріледі. Сұрау салу бойынша ақпарат ұсынудан бас тарту үшін нақты негіз қажет. Сондай-ақ хаттамада жол-көлік, өрт жəне табиғи апаттан зардап шеккен автокөліктер туралы мəлім ет беру, кеден органдарымен ақпарат алмасу жəне бір жыл ішінде сұрауы жоқ автокөлік, қай жер де анықталса, сол мемлекеттің мен шігінде қалдыру мəселелері қарастырылған. Бұл жерде бір ескертпе бар. Біздің мемлекетте шекарадан өтетін көліктер туралы ортақ ақпараттық деректер базасы жоқ. Сондықтан бұл норма Қазақстанға қолданылмайды, – деді Ерлан Тұрғымбаев.
Бұл заң жобасын талқылаған кезде министр ұрланған көліктерді шекара асырып жіберу мəселесіне қоса ел ішіндегі көлік ұрлығымен де күрес шараларын атап өтті. Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі былтыр маусым айында автокөлік бөлшектері тек арнайы дүкендерде сатылуы керек деген норманы енгізіпті. Ломбардтағыдай енді көлік иесі бөлшектерді қай көліктен алғанын дəлелдеп, техникалық құжат пен жеке басының куəлігін көрсетеді. Яғни көлік бөлшектері базарында қандай сайман қай көліктен алынғаны белгілі болады. Бұған қоса, автокөліктерге қатысты мəліметтер базасы интеграцияланды. Көлік жүргізушісінің өзімен бірге барлық құжатын алып жүру ережесі алынып тасталмақ. Тек жеке куəлігі болса, жеткілікті. Ал жүргізушінің көлігі қандай, қанша сенімхат жазылды, сақтандыру полисі қашан аяқталады, техникалық тексерістен қашан өтті, айыппұлы қанша – бəрі де мəліметтер базасынан көрініп тұрады. Сол үшін бүгінгі таңда полиция қызметкерлері 6 мың планшет қолданады. Жалпы отырыста мақұлданған тағы бір құжат Иранмен азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы болды. Бұл келісімде екі елдің құзыретті органдарының азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету мəселелері регламенттеледі. Құжатта көмек көрсетуден бас тарту негіздері, құқықтық ақпарат жəне материалдармен алмасу, заң актілерін тану жəне орындау шарттары жан-жақты айқындалған. Сондай-ақ құжаттарды тапсыру шарттары, дəлелдемелерді жинау жəне беру, куəгер мен сарапшыны шақыру, сот актілері мен төрелік шешімдерді тану жəне орындау белгіленген. Екі мемлекеттің құқықтық көмек көрсету рəсімдерінде тікелей өзара іс-қимыл жасайтын құзыретті органдары айқындалған.
Электронды сауда-саттық қайтсе дамиды?
Экономика • Кеше
Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?
Қоғам • Кеше
Пандемия гүл нарығына әсер етті
Қазақстан • Кеше
Қаржы • Кеше
Қостанайлық полицей сыныптасын атып өлтірді
Аймақтар • Кеше
400 мыңнан астам ақмолалық электронды-цифрлық қолтаңба алды
Аймақтар • Кеше
Қаржы • Кеше
Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Алтай Көлгінов әйелдер күні мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
Низами Ганжәуиге арналған веб-конференция өтеді
Қазақстан • Кеше
Президенттің таңғы серуендегі фотосы жарияланды
Президент • Кеше
Қызылордада Қажымұқан турнирі өтті
Спорт • Кеше
Шымкент қаласының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Нұрлан Нығматулин 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қостанайда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Маттео Пеликоне»: Қазақстан үш алтын жеңіп алды
Күрес • Кеше
Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды мерекемен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда 480 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады
Президент • Кеше
10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қостанай облысының әкімі 100 жастан асқан әжелерді құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға шабуыл жасады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай аймақтарында жолдар ашылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында жартылай финалға шықты
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге еріктілер 600 гүл таратады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Экология министрлігі Қарағандыдағы арыстан жөнінде пікір білдірді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • 06 Наурыз, 2021
Қазақстан мен Қырғызстан «Қордай», «Ақ жол» өткізу бекеттерінің ашылуын талқылады
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар