Білім • 22 Мамыр, 2020

«Болашақ» бағдарламасы: үміткерлер үшін квотаның барлық санаты жойылды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым мнистрінің орынбасары Мирас Дәуленов хабарлады. Біз бұған дейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидалары қабылданатынын жазғанбыз. Қабылданған жаңа қағидаға сай енді барлық квоталық санаттар жойылды. 

«Болашақ» бағдарламасы: үміткерлер үшін квотаның барлық санаты жойылды

«Барлық квоталық санаттар жойылды (мемлекеттік қызметшілер, инженерлік-техникалық, ғылыми-педагогикалық, БАҚ, мәдениет және өнер қызметкерлері). Соңғы үш жылда квота арқылы түскендер стипендиаттардың жалпы санының 32%-ын құрады. Яғни, конкурсқа квотадан тыс тапсырғандар басым болды.Енді барлық үміткерлер конкурста тең мүмкіндіктерге ие», деп мәлімдеді М.Дәуленов.