
Қызылорда облысы Қармақшы аудандық прокуратурасы тексеріс барысында осындағы «Достық жер МК» ЖШС қызметкерлерінің жалақы жөніндегі қарыздары төленбей отырғанын анықтап, осыған байланысты шара қолданды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Атап айтқанда, «Достық жер МК» ЖШС тарапынан серіктестікте жұмыс атқаратын 240 қызметкерге биылғы жылғы тамыз айының 8 692 000 теңгелік жалақы қарызы бар екені анықталды. Осылайша Еңбек Кодексінің 134-бабы 1-бөлігінің талабы бұзылған», - делінген хабарламада.
Сондықтан аудандық прокуратура аталған 240 қызметкерге дереу арада тиесілі жалақыларын төлеу мақсатында заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізді. Ұйғарымның қаралу нәтижесімен «Достық жер МК» ЖШС-де жұмыс атқаратын 240 қызметкердің тиесілі 8 692 000 теңге жалақыларының төленуі қамтамасыз етілді.
Құрыш Нұрымбет.