Ол Теңіз кенішінде жұмыс істеп жүріп, коронавирус инфекциясын жұқтырып алыпты. Қазір емделіп жатыр. Осыған орай Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Мұзаффер Ақйылдырым №2 облыстық ауруханасының директорына алғыс хат жолдапты.
– Атырау облысының Теңіз кенішінде жұмыс істеген Түркия Республикасының азаматы Хаджы Чағлардың №2 облыстық ауруханада емделуіне көңіл бөлгені үшін инфекциялық бөлімнің дәрігерлеріне, медбикелеріне, барша медицина саласының қызметкерлеріне шын көңілден ризашылық білдіреміз, - депті Түркияның бас консулы алғыс хатында.
Сондай-ақ бас консул Денсаулық сақтау министрлігіне де ризашылығын білдіріп отыр.
– COVID-19 індетімен күресте Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына және Қазақстан халқына табандылық пен жетістіктер тілеймін, - дейді Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Мұзаффер Ақйылдырым.