29 Қыркүйек, 2013

Дзюдо. Әлемдік Гран-приде тағы 3 жерлесіміз жеңімпаз атанды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-09-13-rakov-1

Алматыда бүгін мәреге жеткен әлемдік Гран-при сайысында тағы үш қазақстандық жеңімпаз атанды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады. Финалдық айқаста біздің 100 килоға дейінгі салмақтағы лидеріміз Максим Раков (суретте) бразилиялық Рафаэль Бузакариниден басым түсті. Ал мұның алдында 90 килоға дейінгі салмақтағы Ислам Бозбаев қарсылас шақ келтірмей, алтын медальды мойнына таққан болатын. Оның бұл табысын 78 килодан ауыр салмақтағы Гүлжан Исанова да қайталады. Өкінішке орай, 100 килодан ауыр салмақтағы Ержан Шынкеев жерлестерінің бұл жақсы бастамасын қолдап әкете алмады. Ол Александр Вахавяканың алдында осалдық танытты. Қыздар арасында 78 килоға дейінгі салмақтағы Альбина Амангелдиева да күміс медальды қанағат тұтты. Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алды. Осы екі күнде біздің татами шеберлері 5 алтын, 5 күміс және 7 қола медальға қол жеткізді. Дамир Қожамқұл.  
Соңғы жаңалықтар