Өткен аптада сенаторлар Конституциялық Заңға сәйкес Бауыржан Жұмағұлов пен Асқар Смайыловты басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметтерінен босатты. Жұмағұлов – Атырауға, Смайылов Алматыға сот төрағасы болып кетті. Осы ақпарат мына бір жайтты есіме түсіргені...

2000-жылдары облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясына Нығмет Төлендіұлы деген ақсақал жиі келіп тұратын. Жарықтық иманды болсын, ұзын бойлы, қара сұр, қақ-соқпен жұмысы жоқ, жүзінен өте зиялы, оқыған-тоқығаны көп адам екені бірден байқалар еді. Сол кісінің «Күнгей мен көлеңке» атты кітабы бар. Нығмет Төлендіұлы – өмір бойы сот саласында жұмыс істеген, өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап өлкелік, одан бірнеше облыстық соттардың төрағасы қызметін атқарған азамат. Кітап негізінен қызмет барысындағы естеліктерден құрастырылған.
«Күнгей мен көлеңкедегі» әңгімелерді оқып отырып, сол заманның ауыр тынысын сезесің. Оның ішінде облыстық, аудандық партия хатшыларының әпербақандығы, өздерін құдайдан кем көрмейтін өркөкірек, менмендігін байқайсың. Сот, прокуратура, милиция басшылары қылмыспен күресудің орнына партияның басшыларымен алысып баққан. Әрине басшылардың бәрін бірдей жамандай беруге болмас. Сабырлы, ақылды, мәселеге байыппен қарайтын хатшылар да бар. Алайда «Партия қайда болса, жеңіс сонда!» дегенді ұран қып ұстаған кейбір коммунистер бәрін бір таяқпен айдауға көшкен ғой. Мысалы, бір дөкейдің бұзық, сотқар баласы «жұмыртқа қуырып бер» деп тауық фермасының қарауылы болып жұмыс істейтін соғыс ардагерін күндіз кеп ұрып-соғады. Одан түн ішінде тағы кеп ұрынып, есікті ашпай қойған соң терезеден түсіп, шалға тап бергенде күзетші мылтықпен атып жіберген. Жігіт тіл тартпай кетеді. Ал енді осы іс сотқа өтуі үшін милиция қылмыстың қалай болғанын анықтап, прокуратура тергеу жүргізіп, күдіктінің кінәсін мойнына ілуі керек емес пе? Жоқ, ертеңінде-ақ милиция, прокурор, сот төрағасын облыстың бірінші хатшысы шақырып алып: «Партияның ұйғарымы былай, сен күзетшіге заңның пәлен бабын қоясың, ал сен бір күннің ішінде тергеп, сотқа өткізесің, сот ертең оны ату жазасына кеседі, айтқанды істемей, қиқаңдайтын болсаңдар, партбилеттеріңді осы бастан үстелдің үстіне қойыңдар» деп тапсырма беріп тастайды. Ал осыдан кейін әділдік туралы қандай әңгіме айтуға болады? Бұл – бір ғана мысал. Әйтпесе, бірінші хатшылар әрбір қылмысқа араласып, үкімді өздері шығарып отырғаны, тіпті соттан сол үкімді табанды түрде талап еткені, қоқан-лоқы жасағандары кітап беттерінде сайрап жатыр. Нығмет атаның өмірі сол хатшылармен күресумен өткен сияқты.
Заң орындарының басшыларын уысында ұстап, билігін асыра пайдаланып жібергені соншалық бір хатшы демалысқа кеткен сот төрағасын сыртынан жұмыстан босатып жіберіп, орнына өзіне жақын болып жүрген әділет басқармасының бастығын тағайындап тастайды. Жаңа басшы жаңа қызметінде бір айдай жұмыс істеген. Кейін демалыстан келген төраға «Мені жұмыстан тек республикадағы басшым ғана босата алады» деп қарсыласқанда, хатшы «Бұл партияның шешімі, коммунистік партияның шешіміне қарсы келетін сен кімсің?» деп сес көрсетеді. Не деген жүгенсіздік десеңізші? Өзіңіз ойлаңызшы, қазіргі заманмен салыстырсақ, облыс әкімі ешкіммен келіспей өңірдегі соттың төрағасын жұмыстан босатып, орнына басқа біреуді тағайындап тастауы мүмкін бе? Ақылға сыймайтын нәрсе ғой.
Бұл – бұл ма, күз түсе соттың төрағасынан бастап бәрін колхоз-совхоздарға науқандық жұмыстарға бас-көз болу үшін өкіл етіп жібереді. Өз жұмысы күйіп тұрса да, заң басшылары қар түскенше мақталықты, егістікті салпаң-салпаң етіп аралап жүргені... Біреуінің «Бұл қалай?» деуге шамасы жоқ. Ал ең жаманы ауданға келген облыс басшылары соттың төрағасын тұрғызып қойып, мақтадан өнімнің не үшін төмен алынғанын, жұмысты неге дұрыс ұйымдастырмағанын сұрап, жер-жебіріне жетеді.
Аллаға шүкір, қазір егемен еліміздің тәуелсіз соты, басқа да заң орындары бар. Әрине ел ішінде соттың жұмысы туралы әртүрлі әңгімелер айтылады. Иә, қазір кеңес заманындағы хатшылар жоқ болғанымен әкімдер бар, қалталы кәсіпкерлер, ықпалды тұлғалар бар. Қандай заман, қандай жүйе болса да соттың шешіміне ықпал еткісі келетін қолы ұзындар табылады. Яғни барлық нәрсе судьяның өзіне байланысты... Жоғарыдағы жағдайларды қазіргі жас судьяларға айтсаңыз, сенер ме еді? Әй, қайдам... Меніңше Нығмет ақсақалдың «Күнгей мен көлеңкесін» сот саласының мамандары бір оқып шықса, ешқандай артықтық етпес еді.
Түркістанда төрт бала мен бір ересек адамның денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 21:30
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 20:30
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:06
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар