Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Атырау: Індетке шалдыққандар саны 900-ге жақындады

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қауіпті індеттің құрсауына түскендер саны күн сайын көбейіп барады. Арасында балалар да бар.

Атырау: Індетке шалдыққандар саны 900-ге жақындады

Өңірлік жедел штаб таратқан мәліметке сүйенсек,  өткен тәулікте қауіпті індетті  12 адам жұқтырып алды. Тоғызы Теңіз кенішінің  жұмысшыларынан анықталып отыр.

–Тағы үш науқастың бірі –Исатай ауданында тұратын үш  жасар қыз. Сондай-ақ Құлсары қаласының 53 жастағы және Атырау қаласының 24 жастағы тұрғындарынан коронавирус инфекциясы анықталды. Науқастардың бәрі алгоритмге сәйкес ем қабылдауда. Олармен байланыста болғандар мен індет ошағы анықталып жатыр, - деп хабарлады жедел штаб.

Осылайша, Атырауда қауіпті індетке шалдыққандар саны 891 адамға жетті. Оның ішінде 226 адам жазылып шықты.

 

Атырау