«Өткізу пунктінде болған қайғылы оқиға бірден ішкі істер органдарында қызмет еткен екі полиция қызметкерінің өмірін қиды. Бірақ, ең өкініштісі, жантүршігерлік апатты жасаған жүргізуші бұрын полицияда істеген. Ол полицияда алты жыл қызмет етті, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін төрт тәртіптік жаза алды. Бұл оның ішкі істер органдарынан кетуіне себеп болды. Бірақ одан кейін де ол өзі үшін дұрыс қорытынды жасай алмады. Заңды бұзып, ол рульге мас күйінде отырып, қылмыс жасады», - деді Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Қанат Таймерденовтың айтуынша, екі немесе одан да көп адамды өлтіргені үшін А. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады). Қазір ол қамауда.