Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында мал шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, сондай-ақ агробизнес өкілдері баяндама жасады.
Мал шаруашылығында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда. Осы жылдың соңына дейін саланың жалпы өнімінің көлемін 2,6 трлн теңгеге дейін, ірі қара мал басын – 7,8 млн басқа дейін, ұсақ мал басын – 17,5 млн басқа дейін жеткізу жоспарланған. 9 бройлер құс фабрикасы салынады, олар қосымша 105 мың тонна құс етін өндіретін болады. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларында өндірісті ұлғайту көзделген. Еліміздің қажеттілігін толық қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Жыл сайын 25 сүт-тауар фермасын салу 2025 жылға қарай қайта өңделген сүтті 500 мың тоннаға ұлғайту есебінен өзін-өзі толық қамтамасыз етуге көшуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында жоспарланған және іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың көлемі 717 млрд теңгеден асады.
«Үкімет мал шаруашылығы өнімдерінің жеткілікті болуына және экспортты ұлғайтуға баса назар аударатын болады. Ірі өңдеуші кәсіпорындардың айналасында, оның ішінде жергілікті өндірушілерге экспорттық процеске қатысуға мүмкіндік беретін трансұлттық компаниялар мен инвесторлардың қатысуымен зәкірлі кооперация ерекше басымдықта болуы тиіс», - деді А. Мамин.
Үкімет басшысы сәтті мысал ретінде Түркістан облысындағы түйе сүтін өңдеу зауытын келтірді. Инвестордың шикізатты тартымды бағамен сатып алуының арқасында сүтке сұраныс артып, түйе шаруашылығы қарқынды дами бастады. Бір түйенің құны ел бойынша 2 есеге өсті. Сала аса тартымды бола бастады.
Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы бағыттағы үйлестіру жұмыстарын күшейтуді тапсыра отырып, мал шаруашылығының басқа салаларында да осындай кооперацияны дамыту қажет екенін атап өтті.
А. Мамин ұсақ қара мал басын көбейтуге ерекше назар аударудың қажеттігін, отандық құс шаруашылығын одан әрі кеңейтудің және ірі қара мал басын арттыру бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Бұдан өзге, Үкімет басшысы бүгінде астық егетін 300 ірі және орташа шаруашылықтарды мал шаруашылығына тартуға мүмкіндіктің бар екеніне, мұның өзі саланы дамытуға қосымша серпін беретініне тоқталды.
Сыртқы нарықтарда айтарлықтай сұранысқа ие шошқа етін өндіру — мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтудағы перспективалы бағыт ретінде аталды.
«Жалпы, мал шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Мемлекет барлық қолдау шараларын көрсетіп жатыр», - деп А. Мамин, барлық алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруды тапсырды.
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар